"Мұндай менде алғаш рет": Фариза Төреәлі күйеуіне қымбат сыйлық жасады
Желі жұлдызы, блогер Фариза Төреәлі күйеуіне қымбат сыйлық жасап, оқырмандарын сүйсінтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/farizatoreali/
Фариза Төреәлі күйеуіне мұндай тосынсыйды алғаш рет ұйымдастырғанын айтады. Ол желідегі оқырмандарына әдемі кештің бүге-шүгесіне дейін айтып берді.
“Бүгін күйеуімді кешкі асқа шақырайын деген идея келіп, жазып жібердім. Мұндай менде алғаш рет. Басқа қаладан келе жатқан еді, дайындалып күтіп отырдым. Әдемі гүл әкеліпті, әрі қарай Дараны ата-әжесіне қалдырдық. Дайындап қойған тосынсыйымды табыстадым. Алдын ала мейрамханаға барып, сыйлықты қалдырып кеткен едім. Қызық болсын деп, сыйлыққа алдымен басқа заттар тығып қойдым”, – деп бастады әңгімесін блогер келіншек.
-
"Түнде тұрып, тамағын жасаймын": Фариза Төреәлінің күйеуі қыз өсіріп отырған әкелерге үндеу жасады
-
"Ең қиыны – сүйе алу": Фариза Төреәлі жазбасымен көпшілікті ойландырып қойды
Айтуынша, күйеуінен сыйлық күтіп, романтикалық сәтті аңсайтын әйелдер алдымен өздері қадам жасап көру керегін алға тартты.
“Біз, әйелдер, көбіне күтіп жүреміз, сыйлықтар қалаймыз, романтиканы талап етеміз. Неге қаласаң, өзің қадам жасап көрмеске деп ойладым. Түсінгенім, айына бірнеше рет жеке шығып үйрену керек екен. Маңыздысы, ашылып сөйлесу, ішіңдегіні айтып сырласу. Ол қарым-қатынастағы сезімді арттырады", – деді Фариза Төреәлі.
Блогер кездесу кешінің соңы күйеуіне су жаңа Iphone сыйлап аяқтайды. Желі қолданушылары екі жасқа бақыт тілеп жатыр.
Еске салайық, желі жұлдызы күйеуінің туған күніне Rolex сағатын сыйлағанын жазған едік.