Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұнайшылар бас көтерген "Өзенмұнайгаздың" еншілес компаниясының директоры сотталды: Оған жұмысшылардың жалақысын қалтасына басты деп айып тағылды


Фото: kezbi.su

Маңғыстауда "Кезби" мұнай-сервистік компаниясының директоры 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"ӨзенМұнайГаз" акционерлік қоғамының мердігер ұйымы болып табылатын "Кезби" ЖШС директоры Ержан Кезбаев аса ірі көлемде сеніп тапсырылған мүлікті иемденгені, сондай-ақ салық төлеуден жалтарғаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімімен Ержан Кезбаевқа мұнай-газ саласында басшылық қызметтерді атқаруға 10 жыл мерзімге тыйым салынды.


"Өзенмұнайгаз" басшысы ереуілге шыққан жұмысшыны ұрып-соғатынын айтып, қорқытқан видеосы тарады


Сот шешіміне сәйкес, Ержан Кезбаевтан "ӨзенМұнайГаз" акционерлік қоғамының пайдасына 321 миллион теңгеден астам қаражат өндірілетін болды. Сонымен қатар ол Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне 1,5 миллиард теңге өтеуге міндеттелді.

Еске салсақ, 2024 жылы "ӨзенМұнайГаз" акционерлік қоғамының мердігер ұйымы "Кезби" ЖШС-да 96 қызметкер жұмысқа шығудан бастап бас тартып, наразылық акциясын өткізген еді.  Компания басшысы наразылық білдірген қызметкерлердің жалақысы 800 мың теңге көлемінде екенін және айлықтың уақытылы төленетінін айтқан. Айта кетері, компанияда жұмысшылар 2021, 2022 және 2024 жылдың сәуірінде де ереуілге шыққан. 

Ереуіл барысында қаржылық мониторинг агенттігі "Кезби" ЖШС атқарушы директоры Ержан Кезбаевтың ұсталғанын мәлімдеді. Тағылған айыптардың ішінде салық төлеуден жалтару дерегі де бар. 

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 22 Мамыр, 2025 22:15
Талқылау