Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мұнай өнімдерін заңсыз сатқан": Қарағандылық кәсіпкер экологияны ластағаны үшін 7 миллион теңге төлейді

Фото: Stan.kz / ЖИ көмегімен жасалған

Қарағанды облысындағы ірі кәсіпорындардың бірі экологиялық рұқсатсыз сегіз ай бойы мұнай өнімдерін сақтап, сатумен айналысқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Прокуратураның мәліметінше, аталған кәсіпорын II санаттағы объектіге жататынына қарамастан, қоршаған ортаға әсерді бағалау және рұқсат алу талаптарын елемеген. Соның салдарынан атмосфераға 90 тоннадан астам зиянды қалдық тараған.

Құқық бұзушылық анықталғаннан кейін, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 328-бабының 1-бөлігі бойынша (Қоршаған ортаға жол берілетін антропогендік әсер ету нормативтерін бұзу) әкімшілік іс қозғалды. Материалдар әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа жолданған.

Егер бір адам немесе компания қоршаған ортаға рұқсат етілген мөлшерден артық зиянды заттар шығарға жеке тұлғаларға 150 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде (589 800 теңге) айыппұл салынады.

Компанияларға (заңды тұлғаларға) сол шығарындылар үшін белгіленген төлемнің 10 000%-ы мөлшерінде айыппұл төлеуге тура келеді. Егер бұл заңбұзушылық бір жылда қайталанса (ал ірі кәсіпкерлер үшін үш жыл ішінде қайталанса), онда айыппұл 200 АЕК-ке (786 400 теңге) дейін көтеріледі.

Компанияларға төлем мөлшерінің 20 000%-ы көлемінде айыппұл салынады.

Жоғарғы соттың шешімімен заң бұзған кәсіпорын жауапқа тартылды

"Сот экологиялық заңбұзушылықты растап, компанияға 7 миллион теңгеден астам айыппұл салды", – деп мәлімдеді Қарағанды облыстық прокуратурасы.


"Насыбай секілді жиіркенішті заттардың қалдықтары жатыр": Сайран жағалауын қоқыстан тазартқан жігіт желіде мақтау жинады


Абай облысы әкімдігі Алакөлдегі қауіпсіздікті басты назарда ұстап отыр


Еске салайық, бұған дейін маусымның басынан бері Атырауды қара түтін басты. Жергілікті тұрғындар салдарынан денсаулық сыр беріп, бас ауруы мен жөтелге шағымданды. Сондай-ақ олардың айтуынша, мұндай жағдай жыл сайын қайталанады. Алайда бұл жолы түтін торлаған күндер ұзаққа созылған. 

Айым Атамбаева
Сенбі, 21 Маусым, 2025 17:45
Талқылау