Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мына 7 ережені сақтасаңыз, Қазақстандағы жолдар қауіпсіз болады

2300-ден аса қазақстандық азамат желіде жол ережесін сақтауға уәде берді. Олар #ереже бұзбаймын деген хэштегпен пост жариялады.

z16101837IER,Nawigacja-samochodowa

Бұл бастаманы блогер Ержан Есімханов көтерді. Ол әрбір қазақстандық жүргізуші сақтауы тиіс 7 ережені атады.

Блогер өз ақшасына көлікке арналған жапсырма қағаздар жасауға уәде берді. Ол қағаздың дизайнын да өзі жасамақ.

“Жыл сайын жол бойындағы апатты жағдайлар көбейіп келеді. Жүргізуші куәлігін қандай да бір жолмен алып алған ақымақтар жолда ұшып түсіп жатыр. Ереже сақталмайды. Бір біріне құрметпен қарамайды”, – деп жазады блогер Facebook желісінде.

Блогердің айтуынша, бұл жағдайды өздігінен реттеледі деп үсімттенудің қажеті жоқ. Қазақстандағы жол полицейлері қауқарсыз. Оларға қауіпсіздіктен гөрі статистика маңызды.

Сондықтан мұның алдын алу үшін өзіміз қолға алу керекпіз.

“Мен ереже бұзбайын” деген бастама көтерем. Егер сіз атсалысқыңыз келсе, жол ережесін   сақтауға арналған 7 ережені жазыңыз.

  1. Мен өзге жүргізушілерге құрметпен қараймын. Егер қажет болса, көмектесем. Апатты жағдайды болдырмайын. Жолдағыларға күлімсіреп қараймын.
  2. Жылдамдықты асырмаймын.
  3. Қарсы жолға шықпаймын.
  4. Рөлде отырып телефонмен сөйлеспеймін. Желіні ақтарып, смс хабарлама жазбаймын. Телефон мен көлік екеуі екі түрлі дүние.
  5. Мас күйімде көлікке отырмаймын. Ешқашан. Тіпті бір бокал вино немесе сыра ішсем де. Үйім жақын маңда болса да, мас күйімде көлік жүргізбеймін.
  6. Жаяу жүргіншілерді өткіземін. Жүргіншілер жолағы алдында жылдамдықты азайтамын. Велосипедпен кетіп бара жатқандарға, әсіресе, балаларға аса сақтықпен қараймын.
  7. Өзгелерге кері әсер етпеу үшін дабылды баспаймын. Мен бүгін көлікті дабыл нүктесін бір де бір рет баспай жүргізем.

Айта кетейік, 16 маусым күні Алматыда Әл-Фараби даңғылының бойында ірі жол апаты болып, жүргізуші бойжеткен екі аяғынан айырылған еді.

Тағы да оқыңыз:

Қазақстандық жұлдыздар 100 мың теңгені қанша күнде құртатындарын айтты

 Ән айтуды доғарыңдар: Көз жұмған бала жайлы хабарлама Нұртас Адамбайға маза берер емес

Димаштың 60 жастағы фанаты оны Америкадан арнайы іздеп келді

Талқылау