Мұхтар Шахановтың ұлы дүниеден озды

Ақын, Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Шахановтың ұлы Қуаныш Мұхтарұлы дүниеден озды. Қаралы хабарды жазушы Құдияр Біләл жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қаралы хабарды жазушы Құдияр Біләл жеткізді.
“Суыт хабар. Мұхтар Шаханов ағамыздың ұлы Қуаныш Мұхтарұлы ұзаққа созылған ауыр науқастан кейін дүниеден озды. Иманы саламат болсын!”, – Құдияр Біләл желідегі парақшасында.
Желі қолданушылары ақынға көңіл айтып жатыр.
Еске салайық, 2021 жылы Мұхтар Шахановтың тағы бір ұлы Рауан Шаханов өмірден өткен еді.
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды
Шетелдік: "Жарайсыңдар, сендер жеңдіңдер!"
"Халқының жалақысы 3 миллион теңге, күйзеліс дегенді білмейді": 3 айлық сәбиімен Англияға оқуға кеткен қазақстандық адам миын зерттеп жүр
Ұлпан: "Жалақысы аз, жүктемесі ауыр, Қазақстандағы дәрігерлерге жаным ашыды”