Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда оқушылары ғылыми байқауда жеңіске жеткен ұстаздар 26 айлық жалақысына дейін сыйақы алады

Фото: depositphotos.com

Қазақстанда енді халықаралық ғылыми байқаулардың жеңімпаздары мен олардың ұстаздары мемлекеттік марапаттарға ие болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қазақстанда дарынды оқушыларды және олардың жетекшілерін қолдау мен ынталандыру тетіктері заң деңгейінде бекітілді. Биылдан бастап халықаралық ғылыми байқауларда үздік нәтиже көрсеткен оқушылар, сондай-ақ олардың мұғалімдері мемлекеттен біржолғы сыйақы алатын болады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған “Мәдениет, білім беру, отбасы және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң балалардың білімге және ғылыми қызметке қызығушылығын арттыруға бағытталған маңызды жаңалықтарды қамтиды.


Оқушылары олимпиада жүлдегері атанған мұғалімдер ғылыми жоба мен халықаралық жарыстардың маңызын айтып берді


Енді халықаралық беделді пәндік олимпиадалармен қатар, халықаралық ғылыми байқаулардың жеңімпаздарына да мемлекеттік сыйақылар тағайындалады:

- алтын медаль – 1500 АЕК-ке дейін (2025 жылы – 5 898 000 теңге);

- күміс медаль – 1000 АЕК (2025 жылы – 3 932 000 теңге);

- қола медаль – 500 АЕК (2025 жылы – 1 966 000 теңге).

Жеңімпаздарды дайындаған мұғалімдерге 26,5 базалық лауазымдық жалақасына дейін біржолғы сыйақы беру көзделген.

Дана Русланқызы
Жұма, 05 Желтоқсан, 2025 21:08