Мұсылмандарға пасхаға арналған тағамдарды жеуге бола ма?
Дін маманы Абдусамат Қасым мұсылмандардың пасхаға арналған тағамдарды жеуі және мейраммен құттықтау жөнінде түсіндіріп берді.
Бұл туралы Islam.kz жазады.
Сирия өңіріне фиқһ саласын үйреткен сахаба Әбу Дардадан (р.а.) «Жирсиз» деп аталатын шіркеу үшін сойылған қошқардың етін жеу жайында сұрайды. Сонда Ол (р.а.): «Аллахым, кешіріміңді тілеймін. Шын мәнінде олар Кітап берілгендер. Ал олардың астары бізге адал. Біздің де тағамымыз оларға – адал», – деп әлгі еттен жеуді рұқсат еткен екен. Ендеше, пасхаға арнап пісірген асты (жұмыртқа, бәліш т.б.) ол мейрамды ұлықтамау ниетімен жеудің ешбір күнәсі жоқ деген ойдамыз.
Ал пасха мейрамымен құттықтау мәселесінде ғалымдар арасында талас бар. Исламтанушы ғалымдардың біршамасы үзілді-кесілді өзге дін өкілдерін (христиан және яһуди дініндегілердін) діни мейрамдарымен құттықтауға қарсы. Ал, тағы бірсыпырасы ол нәрсенің шариғи тұрғыда еш күнәсі жоқ дейді. Рұқсат бергендердің арасында Ханафи ғалымы, фиқһ маманы Мустафа Зарқа бар.
«Бір мұсылманның христиан танысын «рождествомен» құттықтауы – менің пікірімше – өзара достық пен татуластықтың көрінісі сияқты. Ислам діні олармен достық ішінде тату-тәтті өмір сүруге қарсы емес…», – дейді Мустафа Зарқа.
Сондай-ақ, Юсуф әл-Қардауи де мұсылмандарға дұшпандығы жоқ христиан дін өкілдерін олардың діни мейрамдарымен құттықтаудың күнәсі жоқ деген пікір айтқан.
Оқи отырыңыз:
Шетелдік ырғақты әнге заманауи би қимылдарымен билеген әжей желіні шулатты (видео)
Павлодарда белгісіз біреулер шіркеуге өрт қоймақ болды
«Қазақтың бұлбұлы» Күләш Бәйсейітованың қызы Алматыда бір бөлмелі пәтер жалдап күнелтіп жүр
ОҚО-да спортшыны пышақтап тастаған қылмыскер 11 жылға сотталды