Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұсылман ер адам тауып алған 30 млн теңгені иесіне қайтарған

Ішінде мол қаржысы бар сөмкені тауып алып, иесіне қайтарған алжир мұсылманы бір сәтте испан баспасының басты кейіпкеріне айналды.

news_image_11354

2001 жылдан бері Испанияда тұрып келе жатқан алжир Хавари Саади­ни, Пальма-де-Мальорка қаласының бір көшесінде иесіз жатқан сөмкені тауып алады, деп хабарлайды muftyat.kz.

Мұндай олжаға таңқалған Саадини көп ойланбастан сөмкені жақын маңдағы полиция бөліміне тапсырған. Кейін белгілі болғандай, бұл сөмкенің иесі жылжымайтын мүлік агенттігінің қызметкері 37 жастағы Румын тұрғыны болып шыққан.

Al Arabiya телеарнасының хабарлауынша, кейін полиция қызметкерлері сөмкеден табылған ақша мен бағалы бұйымдардың құнын 77 000 еуроға бағалаған екен.

Осындай қиын заманда көшеден тауып алған ақшаны оңайлықпен иесіне  қайтарып берген алжирді жергілікті БАҚ батыр деп таныған. Ал Хав­ари Саадинидің өзі болса, жасаған әрекетінен әдеттен тыс ештеме көрмейтінін білдірген – оның айтуынша, ол инстинктивті түрде әрекет еткен, өйткені ислам тәрбиесі оған бөтен біреудің мүлкін иеленуге рұқсат етпейтін еді.

Тағы да оқыңыз:

Бассейн жанында жартылай жалаңаш билеген 60 адам қамауға алынды

Әлемдегі ең үлкен қазақ киіз үйі әуе шарымен аспанға көтерілді (фото, видео)

Мысырда пойыз апатынан қаза болғандардың мәйітін көрген шенеуніктің жүрегі тоқтап қалды

Талқылау