Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұсылман ер адам шошқа етінен жасалған пицца бергені үшін мейрамханадан 100 млн доллар талап етті

Американың Дирборн қаласында мұсылман ер адам шошқа қосылған пиццаны халал өнім деп саудалаған Little Caesars мейрамханалар желісін сотқа берді.

pic_b8cdbbdcfad8b57e20b6bc3529652677

Фото: Muhammad Hamed / Reuters

Бұл туралы Detroit Free Press хабарлайды.

Дирборн тұрғыны Мұхаммед Баззи компанияны келісім-шартты бұзды, немқұрайлылыққа жол берді, заңсыз зат сатып, алаяқтық жасады деп айыптаған. Өтемақы ретінде ол 100 миллион доллар талап етіп отыр.

Шағымға сәйкес, 20 наурыз күні Баззи мен оның әйелі Little Caesars мейрамханасынан халал пицца жеген және тағамның шошқа етінен жасалғанын байқап қалады. Олар дереу полицияға хабар береді, бірақ, 24 наурызда жағдай қайталанған.

“Менің клиентім бұл туралы қоғамның білгенін қалап отыр. Оның үстіне қасиетті Рамазан айы кезінде”, – дейді Баззидің адвокаты. Заңгер бұл шағымға басқа да зардап шегушілер қосылады деп үміттенетінін айтты. Ал мейрамхана өкілі Джилл Проктор аталған айыптауды негізсіз деп мәлімдеген.

Баззи мен пиццерия менеджерінің әңгімесі де жазылып қалыпты. Аудиожазбада мұсылман ер адам қорапшаға “халал” белгісін жапсыруды сұраған. Бірақ, адвокат мұны жоққа шығаруға тырысқан.

Құран мұсылмандарға шошқа етін, басқа да халал емес тағамдарды жеуге тыйым салады.

Оқи отырыңыз:

Шымкентше кабриолет желі қолданушыларын қайран қалдырды (видео)

Депутат 16 жастағы қызбен интимді хат жазысып ұсталып қалды

87 жастағы әжей немерелерінің қарсылығына қарамай парапланмен ұшты (видео)

Жұрт сыртынан тамашалап тұрған теңіз арыстаны қыз баланы су астына сүйреп әкетті (видео)

Талқылау