Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұстафа Шоқайдың берген садақасы оны өлімнан аман алып қалған

Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Түркістан автономиясының жетекшісі Мұстафа Шоқай естілігінің бірінді өзінің өлімнен қалай аман қалғанын жазған.

“Мені өлтіруге жиналған адамның саны 70-80-дей болды. Бәрінің қолдарында қарулары бар: мылтық, қанжар, пышақ, келтек, сота, шоқпар… Менде өлмеймін деген ойға орын қалған жоқ. Ақырында өлтіреміз ғой деп сарттар мені ұрып-соғып әуре де болған жоқ. Екі көшенің айрылатұғын жерінде үлкен бір ағаштың түбіне отырғызып, сарттар мені өлтірудің жабдығына кірісе бастады. Екі қолым артыма таңулы. Екі көзім байлаулы, мойнымда қара қайыстан тұзақ – ажалды күтіп мен отырдым! Сарттардың ниеті мені екі аяғымнан ағашқа асып қойып, атып өлтірмекші. Өзгелерден гөрі маған рақым қылған сарттар бытырамен атса, жаны қалар деп, мылтыққа жалғыз оқ салды… Құдайдың ғажап құдіретіне, ғадалдығына күмән келтіріп болмайды. Дәл осы тайғақ кешу, тар жолда Алла ғаділдігі алдымнан шықты!

Енді асамыз деп даярланып отырғанда, бір сарт келіп: «Сендер мұны қазақ дейсіңдер. Қазақтың да неше түрлісі болады. Бұл өзі қандай қазақ екен, көрейік», – деп көзімді шешкізді. Ол сарт көзімді шешкен соң, бетіме тура қарап жіберіп: «Ассалаумағалейкүм, Мұстафа әфенді!» – деп, жалма-жан байлаулы қолымды босата бастады. Екі көзі жасқа толып, мойнымдағы тұзақты пышақпен қиып жіберіп, отырған орнымнан тұрғызып, өзге сарттарға менің кім екенімді баян қылып, көп сөз сөйледі. Сонан соң есірген сарттар өздері өлтіруді қойып, мені Хоқандқа Ергеш қарақшының алдына жібермекші болып, шаһарға барып жатқан адамдардың біреуінің артына мінгестіріп жіберді. Енді әлгі мені өлімнен құтқаратын сартқа келейік. Бұл сарт (атын білмеймін) былтыр пірдікар болып, соғыс тарапынан барған көп сарттардың бірі екен. Ол былтыр жұмыс басында, Петерборда маған кез болып, менен жолқаражаттық пұл алып, қажеті шыққан екен, һәм былтыр мен биыл менің Петерборда, Түркістанда қылып жүрген қызметтеріме де сырттан қанық екен”, -делінген естелікте.

Дайындаған Бауыржан Байқұлов

Тағы да оқыңыз:

Шоқайдың қазасын «Түркістанға тәуелсіздік сұраумен» байланыстырады

Орыс қыздарын жар еткен қазақтың біртуар қайраткерлері

Сұлтанмахмұт Торайғыров ғашық болған ару кім?

Талқылау