Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау облысында жалғызбасты әке бес баласын өзі тәрбиелеп отыр

Балалары бола тұра үйін тастап кететін ата-аналар да бар. Көбінесе мұндай қадамға ер адамдар баратын. Алайда бұл жолы бәрі де басқаша.

5e423bc113d2771de2a80c03f91d93d7

Бұл туралы tumba.kz жазған.

32-жастағы Марат Жұлдыбаев бес баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отыр. Балалардың ең үлкені 10 жаста болса, кішісі небәрі 4-те. Бес балалы әке «Электрик» ауданында жалдамалы пәтерде тұрады. Мараттың айтуынша, олардың некесін о бастан-ақ оның анасы құптамаған. Қазіргі таңда Мараттың анасы ауыр науқас, балаларды тәрбиелеуге оның мүмкіндігі де жоқ.

«Анам о бастан-ақ қарсы болды, соған қарамастан үйлендім. Отбасында үш ұл бала тәрбиелендік. Анам Астраханьдікі, ал әкем қазақ. Мен отбасымызда бірінші үйлендім», – дейді Марат.

Мараттың әйелі жаман адамға ұқсамайды, зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстайтын ол ара-тұра балаларына келіп тұрады. Ендеше бұл әйелдің отбасын тастап кетуіне не себеп болған? Мараттың айтуынша, ол өзіне жүктелген міндеттерді ауырсынған. Есесіне Мараттың өзі қиыншылықтан қашпайды. Оған бір себеп – оның бала кезден бастап еңбекке араласуы. Әкесі оларды тастап кеткендіктен, Марат 7-сыныптан бастап базарда арба итерген. Кейіннен жақсы мейрамханалардың біріне даяшы болып орналасып, өз қатарластарына қарағанда тәп-тәуір ақша тапқан екен.
505064289

Үйленгеннен кейін Марат әйелімен бірге Мұнайлы ауданына көшіп барып, саяжай жалдап тұрады. Жас отбасы жеке кәсіп ашуды жоспарлап,   жалға мейрамхана алады. Осы кәсіптің арқасында екеуі аяққа тұрып, тіпті балалы болуға бел байлайды. Алайда олардың тұңғыш қыздары небәрі үш айлық кезінде шетінеп кетеді.

«Біздің қызымыз үш айға жетпестен шетінеп кетті. Біз оны құтқара алмадық. Сол жағдайдан кейін әйелім жыл сайын бала туды», – дейді Марат еске алып.

Ол уақытта Жұлдыбаевтардың кәсібі жақсы табыс алып келетін. Әйелі Маратқа көптен күткен қызын, бесінші перзентін сыйлады. Алайда небәрі бір жылдың ішінде олардың өмірі қараңғы түнекке айналды. Ата-анасы жұмыста болған кезде кішкентай қыз саяжайдағы үйдің шатырынан құлап түсті. Құлап бара жатқан кезде газ құбырына соқтыққан ол бетонға басын соғып алған.  Бұл туралы Маратқа оның көршісі хабарлаған. Қыз басынан ауыр жарақаттанды. Оның айығып кетуіне үміт бар, тек ол үшін қыруар қаржы керек.
505064290

«Біз бәрін саттық. Тіпті айналымдағы ақшамызды шығарып алдық. Әйелім қызымызды алып, Мәскеуге аттанды. Қызым толықтай жазылды», – деп күрсінді бес баланың әкесі.

Алайда енді олардың бұрынғы кәсіптерін жалғастыратын ақшалары жоқ. Сол себепті Марат қайтадан даяшы болып жұмысқа орналасады. Ол 3 ай бойы жұмыс істеп, айлық алмаған. 285 мың теңге қарыздар болған мейрамхана иесі басқа жаққа кетіп қалған екен. Ал мейрамхана иесінің әйелі ақы төлеу оның құзырында емес екендігін айтып құтылған. Содан бастап жас отбасының көрмегені жоқ. Мараттың әйелі пәтерақыны, балалардың тамағы мен киімін жалғыз өзі төлегендіктен, қатты қиналған. Оның тіпті өмір сүруге деген құштарлығы төмендеп кеткен. 2016 жылдың наурызында әйел отбасын тастап, науқас анасына қарайласуға кетіп қалған.
505064291

«Пәтерақысын төлеуге де, балаларға мектепке қажетті заттары мен тамақтарын алып беруге де ақшам жоқ. Жаманшылықтың бәрі артта қалған шығар деп едім. Алайда олай емес екен», – дейді ол.

Балаларын асырау үшін Марат өзінің таныстарына жұмыс істей бастаған. Жуырда ғана бес баланың әкесі досына коттедж тұрғызуға көмектескен. «Үйді өз қолыммен соқтым», – дейді ол.

2011 жылы Марат жастарға арналған «Қолжетімді баспана» мемлекеттік бағдарламасы арқылы пәтер алуға өтініш білдірген. Оған құжаттар жинауды тапсырған бағдарлама ұйымдастырушылары жеңілдіктер арқылы пәтер ала алатынын айтқан. Алайда құжаттарды жинап алып келгенінде шенеуніктер оның бетін қайтарудың амалын тапқан. Үміті үзілген әке Ресей президентінің сайтына кіріп, көмек сұраған. Өтінішіне тез арада жауап берген ресейліктер оның хабарламасын Астанаға жіберген. Министрліктен жергілікті әкімшілікке хат жолданған. Онда бес баланың әкесіне көмек көрсетілсін делінген. Алайда ол бұйрық әлі күнге дейін орындалмаған.

Бес балалы жалғызбасты әкеге көмек қолын созам деушілер мына телефон арқылы хабарласса болады: 8775-345 47 75

Казкоммерцбанктегі есеп реквизиттері (Осы есеп бойынша ол жәрдемақы алады): Конарбаева Науризгул 4189 7515 7790 0833.

Жіберіп алмаңыз: 

Шымкентте жалғызбасты ана 6 баласына мектеп құралдарын алып бере алмай отыр

Павлодарда 67 жастағы жалғызбасты әке төрт баласын өзі асырап отыр

Жалғызбасты әйелдерге алимент енді мемлекет есебінен төленуі мүмкін

Атырауда жалғызбасты ана бес баламен мешітті паналап отыр

 

Талқылау