“Енді соғыс болмайды”: Трамп өзін екінші рет АҚШ президенті деп жариялады
АҚШ президенттігіне Республикалық партиядан үміткер Дональд Трамп Флоридадағы жақтастары алдында жеңіске жеткені туралы мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Getty Images
Трамп барлық соғысты, соның ішінде Украинадағы соғысты да тоқтататынын айтты.
"Менің қызметім кезінде соғыс болмайды. Мен соғысты тоқтатамын. Мен осыған дейін президент болған 4 жылда соғыс болған жоқ. Сонымен қатар біз ДАИШ-ты жеңдік. Соғыс бастамаймын, мен соғысты тоқтатамын", – деді Трамп.
Трамп заңсыз көші-қонмен күресіп, шекараларды нығайтуды көздеп отыр.
"Біздің ел шұғыл көмекке мұқтаж. Біз шекараларды түзейміз, барлығын реттейміз. Біз тарихымызда көптеген кедергілерден өттік, ешкім мұның мүмкін екеніне сенбеді. Мен уәделерімді орындап, Американы әрбір америкалық үшін қауіпсіз, бай және мықты ел етуге тырысамын", – деді АҚШ-тың бұрынғы президенті.
Трамп АҚШ бағыты 180 градусқа өзгеретінін мәлімдеді.
"Біз барлық жерде, барлық салаларда өзгеріс енгіземіз. Америкалықтар қайтадан өз елдерінде бақылау орнатады. Елімізде Сауд Арабиясы мен Ресейден гөрі көбірек мұнай бар", – деп атап өтті саясаткер.
Бүгін АҚШ-та 47-президентін тағайындау үшін сайлау өтті. Трамп Флорида, Оңтүстік Каролина, Алабама, Миссисипи, Индиана, Теннесси, Оклахома, Арканзас, Оңтүстік Дакота, Луизиана, Кентукки, Батыс Вирджиния, Вайоминг, Огайо, Солтүстік Дакота, Небраска, Флорида және Техас штаттарында көп дауыс жинап, жеңіске жеткен.
Еске салсақ, осыған дейін әлем көшбасшылары Трампты президент сайлауындағы жеңісімен құттықтағанын жазғанбыз.