Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арыстанбек Мұхамедиұлы: Илья Ильин Рио Олимпиадасына қатыспайды

Илья Ильин, Светлана Подобедова, Зүлфия Чиншанло және Майя Манеза Рио Олимпиадасына қатыспайды.

8dbcbae87be6689a12826a00db53f87d

Бұл туралы елбасының Қазақстанның Олимпиада құрамасымен кездесуiнен кейiн Мәдениет және спорт министрi Арыстанбек Мұхамедиұлы журналистерге берген сұхбатында мәлiмдедi, – деп хабарлайды BNews.kz.

«Бiз қазiр мемлекет басшысына осы саладағы (антидопингтiк шаралар – ред.) жағдай туралы айтып берiк. Елбасы антидопингтiк проблемаларға қатаң қарау туралы нақты тапсырма бердi. Әрине, бiрiншi кезекте, бiзге антидопингтiк зертхананы да күшейту керек. Халықаралық Олимпиада комитетiнiң тәртiптiк комиссиясының отырысы әлi аяқталған жоқ. Қорытынды отырыс 10 шiлдеде өтедi. Әрине, бiз нәтиженi күтемiз. Бiздiң заңгерлер белсендi жұмыс атқарып жатыр. Бiз әрбір қазақстандық спортшыдан оң нәтижелер күтемiз», – дейдi Мұхамедиұлы.

Министрдiң айтуынша, допинг дауына қатысы бар қазақстандық спортшылардың Рио-де-Жанейро Олимпиадасына қатысу-қатыспауы – күрделi мәселе. Қазiргi таңда олардың дайындығы жақсы, олар Токиода өтетiн Олимпиада ойындарына қатыса алады.

Ал Рио-де-Жанейро Олимпиадасына олардың қатыса алмайтыны анық, спортшылар қазiргi таңда жарыстардан шеттетiлген. Ауыр атлеттердiң Рио Олимпиадасына қатысуға мүмкiндiгi жоқ.

Естерiңiзге сала кетсек, Илья Ильин, Зульфия Чиншанло мен Майя Манеза допинг дауына байланысты жарыстардан шеттетiлді.

Жіберіп алмаңыз:

Илья Ильин ашық жаттығу өткізді (видео)

Үлкен дауға қалған Илья Ильинге допингті тамаққа қосып берген болуы мүмкін

Илья Ильин  халықтан өзін қолдауды сұрады

Талқылау