Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұрмысқа шыққан қыз күйеуінің тегін алуға міндетті емес – Мүфтият

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы кейбір ғалымдардың тұрмысқа шыққан қызға күйеуінің тегіне өтуге тыйым салатыны туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pexels.com

Мүфтият шариғатта әрбір адам өз тегімен аталуға тиіс деген үкім айтты. 

“Асыранды балаларыңды өз әкелерінің атымен атаңдар. Алланың құзырында ең дұрысы сол. Осы аятты алға тартып кейбір ғалымдар тұрмысқа шыққан қызға күйеуінің тегіне өтуге тыйым салады. Ал кейбір ғалымдар әйелдің күйеуінің фамилиясына өтуі ғұрыпта қалыптасқан әрі елге таныту мақсаты болса оқасы жоқ дейді. Сондықтан тұрмысқа шыққан әйел өз әкесінің атымен аталуға тиіс. Оны өзгерту – харам”, – деп мәлімдеді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы. 



Сондай-ақ мүфтият қыз-келіншектердің күйеуінің тегіне ауысуына рұқсат, бірақ оның шариғатта міндеттелмегенін атап өтті. Ер адамның да әйелді өз тегін алуға мәжбүрлеуі дұрыс емес дейді. 

Бұған дейін Ресей мүфтияты ерлерге төрт әйел алуға рұқсат берген еді.

Талқылау