"Мойныңды қыршып аламын": Екібастұзда бір әйел ойын алаңында жас баланы ұрып-соғып, қорқытқан (видео)
видеодан скрин
Әлеуметтік желіде балалар алаңының бірінде бір әйел жас баланы ұрып, қорқытып жатқан сәтін көрсететін видео жарияланды. Қалалық полиция бұл факт бойынша тексеру басталғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл жағдай Екібастұз қаласындағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында болған. Видеодан бір әйел балалар алаңында жас баланы сүйрелеп, басынан және денесінен бірнеше рет ұрғанын көруге болады. Әйелдің сөзіне қарағанда, әлгі бала бір баланы ренжіткен болуы керек.
"Балаға не істедің?! Тағы да осылай істейтін болсаң, мойныңды қыршып аламын", – деп айғайлайды әйел жылап тұрған балаға.
Тағы бір видеода әйел баланың басы мен кеудесінен ұрып, "қазір сені қылқындырамын" деп дүрсе қойып жатқанын көреміз.
Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Бибігүл Иманғалиева осы факт бойынша процестік шешім қабылдау үшін 30 маусымда ақпаратты есепке алу кітабына екі материал тіркелгенін мәлімдеді.
Ал қалалық полиция басқармасы өкілдері әйелдің кәмелетке толмаған баланың денесіне зақым келтіру фактісі бойынша тергеу амалдары басталғанын хабарлады. Полицейлердің мәлімдеуінше, сот-медициналық сараптама тағайындалған, сол бойынша процестік шешім қабылданады.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
