Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мойнынан ұстап, сүйгісі келген": Алматыда автобуста ер адам қызға тиіспек болған (видео)

Фото: Видеодан скрин

Алматыда бейтаныс ер адам автобуста қыздың мойнынан ұстап, сүймек болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Автобуста түсірілген видео желіде тарады. Кадрдан екі жігіттің ер адамды ұстап, автобустан шығарып жатқанын көруге болады.

Оқиға 27 наурыз күні шамамен сағат 11:30-да №86 бағыттағы қоғамдық көлікте болған. Жолаушылар жағдайды байқап, араласып, құқық бұзушыны автобустан түсіріп жіберген. Кейін оқиға орнына полиция келіп, жәбірленуші арыз жазған.


"Қатты тоңып, қорқып қалған": Жол ақысын төлемеген қазақстандық оқушыны аязда автобустан шығарып жіберген


Шымкентте ер адам автобуста жасөспірім қыздың денесіне қол жүгірткен


Қыздың айтуынша, әлгі ер адам кейін такси күтіп тұрған кезде қайта келіп, оны аңдымақ болған. Алайда қыз қашып үлгеріп, қазір қауіпсіз жерде екені айтылды.

Оқиғаға Алматы қалалық полиция департаменті пікір білдірді.

“Ұсақ бұзақылық фактісі бойынша ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Іс материалдары сотқа жолданды”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Өскеменде автобуста қыздарға тиіскен ер адамды тұрғындардың өзі жазалағаны туралы жазған едік. 

Нұрила Жұмаділлә
Жексенбі, 29 Наурыз, 2026 14:43