Күйеужігіт қалыңдығы арықтасын деп оған саусағынан бір өлшемге кем жүзік сыйлаған (фото)
23 жастағы Хлоя Куперге сүйікті жігіті үйлену туралы ұсыныс жасады. Алайда жас жігіт салмақ тастауға мотивация болсын деп бойжеткенге саусағынан бір өлшемге кем жүзік сыйлаған.
Бұл туралы шетелдік The Daily Mail басылымы хабарлады.
Жігіт өлшемнен қателеспегенін, Хлояны салмақ тастауға жігерлендіру үшін әдейілеп осындай қадамға барғанын айтқан. Қыз сүйіктісінің дегеніне көніп арықтаған-ды. Тіпті, оның саусағы бір емес, төрт өлшемге дейін кішірейіпті. Алайда сымбаты келіскен сұлуға айналып шыға келгеннен кейін Хлоя жігітін тастап, өзге азаматпен көңіл қосқан.
Қазір Хлоя фитнес-кеңесші болып жұмыс істейді. Ол бұрындары іші пысқаннан тамақ іше бергенін мойындап отыр. Ал спортпен айналысқалы бері бойжеткен бос уақытын тамаққа емес, салауатты өмір салтына жұмсауды әдетке айналдырыпты.
Жіберіп алмаңыз:
Ұры дәретхана суын ағызбағаны үшін түрмеге отырды
USB-порттың ең негізгі қауіптілігі анықталды
Ерікті өрт сөндірушілер ақша табу үшін өздері әдейі от қойып отырған
Неміс жігіт костюмі мен ноутбугын арқалап күн сайын жұмысқа дейін жүзіп барады (видео)