Монополистер қазақстандықтарға жылу үшін 768 миллион теңгеден астам қаражат қайтарады
Монополистер 2023/2024 жылдарда жылу энергиясы үшін төлеген артық ақшаны қазақстандықтарға қайтарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Finprom.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: pexels.com
Қазақстанның табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес табиғи монополия субъектісі сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылу энергиясын беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызмет құнын қайта есептеуге міндетті.
Жылу энергиясымен қамтамасыз ету бойынша қалыпты түрде көрсетілетін қызметтің құнын тікелей тұтынушыларға қайта есептеуге міндетті. Ал тұтынушының тұрған жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайда, жылу ақысын жылу энергиясымен қамтамасыз ету бойынша қалыпты түрде көрсетілетін қызмет ақысын төлеген кезде тарифті төмендету жолымен қайта есептейді.
Фото: Finprom.kz
Осылайша, жылумен жабдықтау саласында қызмет көрсететін ТМС есептеу құралдары жоқ тұтынушыларға 2023/2024 жылдарда жылу энергиясы үшін төленген төлемақыны қосымша құн салығын ескере отырып, жалпы сомасы 768,2 млн теңге мөлшерінде қайтарды.
“Ең көп қайтарылған сома (354,5 млн теңге) ШҚО-да тіркелді. Содан соң Алматы (95,4 млн теңге) және Маңғыстау облысы (60,9 млн теңге) тұр. Қызылорда (38,6 млн теңге), Ақтөбе (37,7 млн теңге), Ақмола (33,5 млн теңге) және Қостанай (32 млн теңге) облыстарында да қомақты қаражат қайтарылды”, – деп жазды басылым.
Ал Ұлытау және Қарағанды облыстарының тұтынушылары үшін өзге тәсіл қолданылады, себебі жылу энергиясымен қамтамасыз ету бойынша қалыпты түрде көрсетілетін қызмет құны сыртқы ауаның нақты температурасы ескеріліп есептеледі.