Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Моңғолияда «Біздің келін» бәйгесінде қазақ қызы үшінші орын алды

Моңғол ұлттық телеарнасында өткен жобада жапондық қатысушы жеңіске жетті. Моңғолияда «Манай бэр» (Біздің келін) бәйгесінде қазақ қызы Тұрсын Сатқанова үшінші орынды иемденді.

Бұл туралы asiarussia.ru. хабарлады деп, жазады Stan.kz.

Бағдарлама Моңғол ұлттық телеарнасының жобасы. Сонымен қатар Тұрсын Сатқановадан бөлек, аталған сайыста америкалық, жапон және бурятиялық қыз бағын сынады. 22 жыл бұрын моңғол азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы моңғол тілін бәрінен жетік білетінін көрсетті.

Қыз келіншектерге моңғол халқының ұлттық тағамдарын әзірлеп, өз өнерлерін көрсету міндеттелді. Ең күрделі сынақ моңғолдардың ұлттық киімін тігу болды. Оларға ұзын шапан немесе тізеге дейін түсіп тұратын тік жағалы кафтан тігу тапсырылды.

Нәтижесінде Жапониядан келген қатысушы, балерина Мина Тамура барлық тапсырмаларды орындап жеңіске жетті. Ресейлік Бурятка Донара Балдансүрэн екінші орын алды. Ал АҚШ-ның қатысушысы Ханна Максон төртінші орынды иемденді.

Жалпы алғанда, шетелдік төрт ару 200 қыздың ішінен іріктеліп алынған. Реалити-шоудың мақсаты – шетелдік қыздардың моңғол дәстүрлерін, мәдениетін қаншалықты меңгергенін көрсету.

Айта кетейік, бұған дейін Моңғолияның ұлттық телеарнасы 5 күн бойы, атап айтқанда 20-24 қаңтар аралығында қатысушылардың үйі мен жұмысында қонақта болып қайттқан. «Манай бэр» келіндер жобасында Қазақстаннан 22 жыл бұрын қоныс аударған қазақ қызы бағын сынады.

Ләйлә Сұлтанқызы күйеуінің бизнесі тоқтап қалғаннан кейінгі қиын өмірі туралы айтып берді

Ақбота Сейітмағамбет: Біреуге тоқал бол деп айта алмаймын

Баян Алагөзова: Шынын айтқанда, мені ұстап алдыңыздар

Ақан Сатаев Томирис рөлін сомдайтын актрисаны көрсетті (фото)

Талқылау