Моңғолия спортшылары Олимпиада ойындарына арналған ерекше киім үлгілерімен тағы да таң қалдырды

Моңғолияның Олимпиада комитеті 2026 жылы Милан-Кортинада өтетін қысқы Олимпиада ойындарында командалары киетін спорттық киім үлгілерін таныстырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Моңғолия дизайнерлері елдің дәстүрлі киімдерінен шабыт алып, тарих пен бүгінді үйлестірген заманауи әрі ерекше үлгідегі спорттық киім топтамасын ұсынды. Олар әрбір детальдің өзіндік терең мән-мағынасы бар екенін атап өтті.
Дизайнерлер Моңғолия тарихындағы ең қуатты кезеңдердің бірі XIII–XV ғасырлардағы Ұлы Моңғол империясы дәуірінің киімдерінен шабыттанған көрінеді. Қозғалыс еркіндігін қамтамасыз ететін юбкадағы функционалды саңылау, жел мен суықтан қорғайтын тік жаға, сондай-ақ жылулық пен бірлікті білдіретін толық жабық, бір-біріне қабысқан алдыңғы бөлік сияқты негізгі дәстүрлі элементтер сақталған айтуда
Сонымен қатар бұл топтама Моңғолияның әйгілі кашемирінен тігілген. Күнделікті киім жиынтықтары батыс тау мәдениетінен бастау алып, моңғол киіз үйі мен көшпелі өмір салтының өрнектерімен безендірілген жоғары сапалы материалдардан өңделген.
"Осы туындылар арқылы біз Орталық Азияның таулы аймақтарында мәңгілік қысты еңсеріп келген моңғол халқының мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан төзімділігі мен қайратын, даналығы мен жауынгерлік рухын әлемдік спорт аренасында мақтанышпен таныстырамыз. Қыста не киіп жүрсек, соны әлемге ұсынамыз", – деп қорытындылады коллекция авторлары.
Айта кетейік, Моңғолия спортшылары бұған дейін де 2024 жылы жазғы Парижде өткег Олимпиада ойындарында да ерекше сәнді дәстүрлі киімдерімен көзге түсіп, әлем назарын өздеріне аудартқан еді.
"Жарты жылдан астам уақыттан бері ізімнен қалар емес": Сталкингтің қауіпті белгілері және одан қалай қорғануға болады?