Монахтар ғибадатханадағы кезек үшін жандалдасып, төбелес шығарды

Гонконгтағы буддистік монастырьда өткен қасиетті рәсім кезінде екі монах кезек үшін жанжалдасып, жағдай қол жұмсауға дейін жетті. Оқиға полиция араласуымен аяқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Scmp.com порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Гонконгтағы буддистік монастырьда өткен діни рәсім кезінде екі монахтың арасында жанжал шығып, оның соңы төбелеске ұласқан. Соның салдарынан бір монах жарақат алып, екіншісін полиция ұстап әкетті.
Оқиға Цюэнь Ван ауданындағы Чук Лам Сим Юэнь монастырында сенбі күні таңертең шамамен 9:40-та болған. Полицияның мәліметінше, жасы 51 және 57-дегі екі монах рәсімге қатысып жатқан кезде кезекке байланысты келіспеушілік туындап, ол біртіндеп ұрысқа айналған.
57 жастағы монахтың бетіне екі рет соққы жасалып, ол Цюэнь Вандағы Ян Чай ауруханасына жеткізілген. Полиция екінші монахты "денеге жеңіл зиян келтіру" (common assault) бабы бойынша тұтқындаған. Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу жүргізілуде.
Жәбірленуші монах күдікті адамның монастырьда тұрақты тұрмайтынын, тек соңғы кезде діни қызметтерге көмектесіп жүргенін айтқан. Ол "Адамды ұру – заңсыз. Егер біреу сізді ренжітсе, оны ұрып емес, сөйлесіп шешу керек" деп пікір білдірген.
Чук Лам Сим Юэнь монастыры 1920 жылдардан бастау алатын тарихи буддистік кешен. Қазіргі ғимараттары 1982 жылы салынған және туристер жиі баратын орындардың бірі.
Оқиға "Император Лянның тәубе ету рәсімі" (Emperor Liang’s Repentance Service) деп аталатын бір апталық діни шараның соңғы күні болған. Бұл рәсім адамдардың күнәларынан арылуына, қиындықтарды жеңуге және рухтарға тыныштық табуға бағытталған.
- "Әріптесіне қол көтермек болған": Атышулы актер Асқар Жұмабектің басы тағы да дауға қалды (видео)
- Қазақстандық әйел моншаға барамын деп 4 жылға сотталды
Еске салайық, бұған дейін Шаолинь буддистік монастырының басшысы қаржы жымқырды және некесіз бала сүйді деп айыпталған еді. Оның жетекшілігімен 1500 жылдық тарихы бар монастырь халықаралық деңгейде танылып, ірі мәдени әрі коммерциялық брендке айналды. Алайда ол бұған дейін де қаржы жымқыру, буддизм қағидаларын бұзу және жеке өміріне қатысты даулы айыптармен бірнеше рет сынға ілінген. 2015 жылы бұл айыптар дәлелденбей, іс жабылған еді.
Қазақтың ұлттық киімдері қанша тұрады және оларды не үшін киген