Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мөлдір өтірік айтқан ба?". Қабатовтың кенже қызы әкесіне қатысты жазба жариялады

Қабатов пен қыздарыФото: https://www.instagram.com/ayaru.tursunbekkyzy?

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанованың кенже қызы Айару әлеуметтік желідегі парақшасында әкесіне қатысты жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесінің қызының айтуынша, қазіргі болып жатқан жағдайларға қарамастан, Тұрсынбек Қабатов ол үшін әрдайым ең жақсы, мейірімді әке болып қала береді.

“Қазір бәрі оны жаман адам деп айта бастайды. Бірақ ол мен үшін ең керемет әке болып қала береді. Мен оны әлемдегі барлық адамнан артық жақсы көремін әрі қатты бағалаймын. Мүмкін жақсы күйеу бола алмаған шығар, бірақ әке ретіндегі орны бөлек — ол осы жылдар бойы өз махаббатын ісімен дәлелдеп келеді. Қазір қарым-қатынасымыз жақсы, бәрін ашып сөйлесіп алдық. Мен үшін адамдардың оны жамандап, жек көретіндерін жазғандарын оқу өте ауыр. Себебі жақын адамыңа тіл тигізсе, жүрегің ауырады, бар күшіңмен қорғағың келеді. Бірақ менің оны қорғап жүргенімді ешкім көрмейді. Мәңгіге әкемнің қызымын”, – деп жазды ол.

Желі қолданушылары Айарудың жазбасынан кейін оған түрлі сұрақтар қоя бастады.

“Сонда Мөлдір бәрімізді бұғаттап қойды деп өтірік айтты ма?”, “Анаңыздың сұхбатта “балаларды бұғаттап қойған” дегені ше?”, “Онда неге анаңыз “бәрімізді бұғаттап қойған, сөйлеспей жүр” деп айтты?”, – деп сұрақ қойған.

Айару бұл сауалдарға жауап беріп, қазір әкесімен қарым-қатынасы жақсы екенін айтты.

“Анам сұхбатта әкемнің кей кездері белгілі бір себептермен бізбен хабарласпай, сөйлеспей жүрген сәттері болғанын айтқысы келді. Өз басым қазір әкеммен жақсы араласамын, бірақ отбасымызда онымен аса жақын емес адамдар да бар”, – деп жауап берген ол.

Сондай-ақ қөпшілік Айаруға жылы пікірлер қалдырып, оны қолдады.

“Сен бәрін дұрыс істеп жатырсың. Әкеңе анаңның көзімен емес, өз көзіңмен қара. Ең маңыздысы – әкеңнің сен үшін жақсы адам болғаны. Ересектер өз мәселесін өздері шешсін”, “Балалар ешқашан зардап шекпеуі керек”, “Осының барлығы анаңның тәрбиесі. Дұрыс, қандай жағдай болса да әкеңді қорға, ол сендерді жақсы көреді”, – деп пікір қалдырған.

@_airwxz

Сейчас все начнут говорит о том какой он плохой человек. Но отцом для меня он останется самым лучшим. Я его больше всех на земле люблю и ценю очень сильно. В роли мужа он может быть показал себя не очень, но в роли папы он заслуживает титул папы , потому что он все эти годы показал и показывают всю свою любовь. У нас сейчас хорошие отношения и мы все обговорили с ним. Мне очень сложно и больно читать как люди хейтят и пишут плохое про него , ведь когда обижают близкого тебе человека и в правду становится больно и от всей силы хочется защитить , но мою защиту никто не видит и не замечает. Forever dads girl🥹💗

♬ Beautiful boy - e

Айта кетейік, бұған дейін продюсер Мөлдір Мұқанова әзілкеш Тұрсынбек Қабатовпен заңды түрде ажырасып кеткенін мәлімдеген болатын. Оның сөзінше, 14 жыл бұрын әзілкештің көңілдесі пайда болған. Сондай-ақ продюсер Тұрсынбек Қабатов балаларын бұғаттап қойғанын айтты.

Продюсердің сұхбатынан кейін желі қолданушылары Тұрсынбек Қабатовқа бойкот жариялауға шақырды. Оған қоса, Желі қолданушылары Тұрсынбек Қабатовтың Instagram желісіндегі парақшасында түрлі пікір қалдырып жатыр.

Кейінірек Тұрсынбек Қабатов экс-әйелінің сұхбатына жауап берді.

Айнұр Мұхади
Бейсенбі, 06 Қараша, 2025 10:28
Талқылау