Мөлдір Әуелбекова: Тобымдағы қыздардың әнші жігіттермен араласуын қадағалап отырмын
Соңғы бір-екі жылда шоу-бизнесте біреудің отбасын бұзып, халыққа ерсі әрекетімен танылған бикештер саны артты. Бұл орайда жаңадан топ құрған Мөлдір Әуелбекова өз қыздарының әртіс жігіттермен араласуын қатаң бақылауға алғанын айтады.
Мөлдір Әуелбекова алғаш рет өзі құрған Nazar тобымен бірге “Түнгі студия” бағдарламасына сұхбат берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
“Топтағы қыздардың эстрададағы жігіттермен араласуын қадағалап отырмын. Барлығы реттеулі. Күнделікті қадағалаймын. Бізде жиналыстар көп болып тұрады, көптеп әңгімелесеміз”, – дейді Мөлдір ағынан жарылып.
Өз кезегінде Nazar тобында ән салатын қыздар Мөлдірге басшы ретінде қандай баға беретіндерін айтты.
“Ұрсатын жерде ұрсады. Бірақ оның барлығы біздің тәртібіміз үшін. Ең бастысы, өзіміз сияқты қарапайым әрі иманды кісі”, – дейді топ қыздары.
Айта кетейік, Әуелбекова бұған дейін ауқымды кастинг ұйымдастырып, 18 бен 21 жас аралығындағы қыздарды таңдағанын айтқан еді. Ол қыздармен жеті жылдық келісім-шартқа отырған. Алайда Әуелбекова топ құрамы өзгермейді деп уәде бере алмаймын деп отыр. Айтуынша, тұрмысқа шыққан жағдайда, ол да ұстазы Баянның тәсілін қолданып, құрамды жаңартуы мүмкін.
Жіберіп алмаңыз:
Ринат Зайытов Петропавлда өткен ақындар айтысында автокөлік ұтып алды
Зорлық-зомбылыққа қарсы клип түсірген қазақстандық топ жұрттың жүрегін елжіретті (видео)
Қайрат Нұртастың балалары концертте қандай өнер көрсетті (видео)
Ақтөбеде Димаш Құдайбергеновтың анасы мүгедек жандарға қайырымдылық концертін берді