Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мөлдір Әуелбекова өзіне көшірме әнін сатқан сазгерді қалай жазаламақ

Әуелбекованың орындауындағы«Арман алдамайды» әнінің авторы, Мөлдірді сан соқтырған сыңайлы. Өйткені, жарыққа шыққан тректің әуені, ресейлік әншінің репертуарынан деседі. Мөлдір енді қандай қадамға бармақ? Ал, әріптестері жас сазгерді жазасыз қалдырмауды құп көреді…

Мөлдір Әуелбекова

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Әуелбекованың «Арман алдамайды» атты клипінің тұсауы, көктемнің алғашқы күні кесілгенімен, аталмыш ән Мөлдірдің репертуарына осыдан бір жарым жыл бұрын еніпті. Бірақ, бейнебаян жарыққа шыққан сәттен-ақ, көпшілік бұл туыныдыны көшірме әндердің қатарына қосып қойған. Олар отандық сазгер мен ресейлік Александр Серовтың тректерінен ұқсастық тапса керек.

Иә, қос әннің қайырмасынан, бірыңғай ноталарды аңғармау мүмкін емес. Бірақ, Әуелбекова жұрттың пікірімен келіспейді.

“Өйткені мен Серовтың әнін тыңдадым. Өзім түсіндім. Екі нота ғана ұқсас. Ол бола береді. Ол барлық әндер де бар!” – дейді Мөлдір.

Ал, қазақстандық композиторлар мұндай жөнсіздікке жол бермеу керектігін айтып, дабыл қағуда…

“Шет елден ән ұрлап жатқан ұят емес пе. Мен бүкіләлемдік композиторлар қоғамына мүшесімін. Менің әріптестерімнің барлығы айтып жатыр. Ертеңгі күні келіп, сотқа береміз деп. Өте ренжулі шынымды айтсам!” – дейді сазгер Марат Омаров.

“Біреу сенің әніңді ұрлап немесе сенің әніңді өзі әні ретінде орындап, рұқсатсыз дұрыс емес нәрселер жасаса, әрине заңды тұрғыда заңгерлермен кездесіп, оларға түсіндіру керек деп ойлаймын”, – дейді Әли Оқапов.

Ал, шығармашылығына қаржы құйып, аталмыш әнді сатып алуға ақша жұмсаған Мөлдір Әуелбекова, жас сазгерді жазалауға құлықты емес! Себебі..?

“Қателеспесем төрт нотаға дейін рұқсат бар заң жүзінде. Бұл жерде екі нота ғана болып тұр. Егер 5-6 нота ұқсас болса, онда заң жүзінде болады. Сондай заң бар негізі. Оны жазалауға болады. Бірақ, біздің оқиғамызға қатысы жоқ. Ол плагиат емес!” – дейді Әуелбекова.

Тағы оқыңыз: 

Гүлзира Айдарбекова науқас қыз үшін елден көмек сұрады

Лидо купальниктегі суреттері мен ерлерге тән шаш үлгісін сынағандарға жауап берді

Бастық болған ұнайды: Мөлдір Әуелбекова болашақта шенеунік болуы мүмкін

Ол шалмен өзім сөйлесемін: Шымкенттік әжей Төреғали ренжіткен павлодарлық қарияны сынап, жұртты күлдірді (видео)

Талқылау