Мөлдір Әуелбекова күйеуімен екі бөлек қалада тұрып жатқанын мойындады
Бүгінде Мөлдір мен Арыстанның екі жаққа кеткенін желідегі оқырмандары жарыса жазып жатыр. Тіпті әншіге сансыз сауалдар жолдаған жанкүйлерлері мардымды жауап ала алмаған. Алайда, ел арасындағы тараған ақпараттың ақиқатын Әуелбекованың өзі айтты.
Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.
“Мен жауапты алдыңғы уақыттарда жазатынмын. Ол кезде оқырманым аздау еді. Одан кейін менде уақыт көбірек еді. Енді менде уақыт аз, жұмыстан бөлек бөпеме өте көп уақыт бөлемін. Және де оқырманым көбейді менің күнделікті”, – дейді Мөлдір Әуелбекова.
Олай болса, көпшіліктің көкейіндегі сансыз сауалдарға жауап берудің сәті енді түскен сыңайлы. Мөлдірдің инстасын жіті қадағалайтын оқырмандары соңғы кездері бұл парақшадан отағасын көрмей жүр. Тіпті, Әуелбекова әлеуметтік желіде Арыстанның барлық суреттерін өшіріп тастаған! Ал, әншінің бұл қадамын тыңдармандары түсіне алмай, сұрақтың астына алған-ды!
“Меніңше, осы қыз ажырасып кетті. Әйтеуір, бәрі жақсы болса екен. Мөлдір сені Арыстан ренжітіп жатқан жоқ па?!” – дейді оқырмандардың бірі.
“Мөлдір, сен ажырасып кеткенбісің? Неге күйеуіңнің барлық суреттерін өшіріп тастағансың? Неге Алматыда тұрып жатырсың?!” – деп сұрады екіншісі.
Жеке өміріне алаңдаған оқырмандар сауалы Мөлдірге жолданды! Ал, Әуелбекованың жанкүйрелеріне берер жауабы қандай..?
“Ештеңе демеймін. Ештеңе демеймін. Жеке өмір, жеке өмір деп бағана айттым ғой сізге. Жоқ, жауап!” – деді Мөлдір.
Иә, осы уақытқа дейін жеке өмірін жасырмайтын Мөлдірдің, бұдан былай жанұясы жайлы ешбір жанға жақ ашпауға бекінгенін байқадық. Бір қызығы баласының әкесі Арыстан Астанада тұрса, бүгінде Мөлдір Алматылық тұрғындардың тізімін толықтырыпты.
“Енді, өнер ордасы біздің Алматы! Бізде қаншама әншілер Астанаға қоныс аударып қайтіп келді мысалға. Оны барлығы біледі. Соның ішінде мен де бармын. Өнер ордасы, мәдениет ошағы осы жер. Жұмыстың барлығы осы жерде бізде”, – деп түсіндірді Әуелбекова.
Тағы оқыңыз:
Тележүргізуші Әйкерім Есенәлі алғаш рет ана атанды (фото)
Тәуекел Мүсілім “продюсерімен көңіл қосты” деп сынағандарға жауап берді