"Модель емеспін": Мақпал Жүнісова арықтауға кеңес берген оқырманына ренжіп қалды
Фото: https://www.instagram.com/zhunusova.makpal/
Халық әртісі Мақпал Жүнісова арықтауға қатысты пікір жазған оқырманына ренішін білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесінің желіге жүктеген фотосы сынға ұшырап, оқырмандарынан сөз естіді.
“Мақпал апай, кішкене арықтасаңызшы. Спорт залға барыңыз. Тура Бибігүл Төлегенова болып қалыпсыз”, – деп жазды тыңдарманы.
Халық әртісі де пікірді назарына алып, жауап қатты.
“Мен сізге модель емеспін. Бибігүл апама ұқсасам жаман емес екен”, – деп жазды әнші.
-
"Мақпал Жүнісованың бетін аштым": Мұхамеджан Тазабек марқұм Заманбек Нұрқаділовті есіне алды
-
"Осындай түйреуішім бар еді": Димаш Құдайбергеннің әжесі Мақпал Жүнісоваға бағалы сыйлық жасады
Сондай-ақ өнер иесі бала күнінде дене бітімінің қандай болғанын да айтып берді.
“Менің бала күнімдегі түріме туған сіңлімнің қызы ұқсайды. Шашым, бұйра топ-томпақ едім. Бауырсақ пен қаймақты күнде жесем де жалықтырмайтын еді”, – деп жазды халық әртісі.
Еске салайық, Мақпал Жүнісова әріптесі Майра Ілиясованың 70 жасына 1 миллион теңге ақша әкелгенін жазған едік.