Miss Universe 2025 байқауында Қазақстан намысын кім қорғайтыны белгілі болды
Фото: Miss Qazaqstan
Модель Дана Алмасова Таиландтың астанасы Бангкок қаласында өтетін Miss Universe 2025 сұлулық байқауына Қазақстан атынан қатысады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Miss Qazaqstan мәліметінше, Дана Алмасова 19 қарашаға дейін қарқынды дайындық кезеңінен өтеді.
“Дана тығыз дайындық кезеңінен өтеді: жаттығулар, репетициялар және жарқын оқиғалар. Олардың бәрімен біз осы жерден бөлісеміз”, – деп жазылған жазбада.
"Miss Universe" халықаралық байқауының 74-маусымына әлемнің 125-тен астам елінің арулары қатысады. Байқаудың салтанатты ашылу рәсімі дәстүрлі ұлттық киімдер шеруімен басталады. Ал финал 21 қарашада өтеді, сол күні қазылар алқасы жаңа "Miss Universe – 2025" атағының иесін жариялайды.
Дана Алмасова туралы не белгілі?
Дана Алмасова – модель, ұлттық Miss Qazaqstan – 2025 байқауының жеңімпазы, ел атынан әлемдік деңгейде өнер көрсету құқығына ие болған ару. Модель Қостанай қаласынан, 21 жаста, жоғары оқу орнын Түркиядағы Анадолы университетінде тәмамдаған.
Ол қайырымдылық істерімен белсенді айналысады, өзін-өзі дамыту мен экология тақырыбына арналған блог жүргізеді және заманауи қазақстандық әйелдің – күшті, білімді әрі әлемге ашық бейнесін насихаттайды.
Айта кетейік, Қазақстан "Miss Universe" байқауына 2000-жылдардың басынан бері қатысып келеді. Былтыр еліміздің намысын 24 жастағы "Miss Universe Kazakhstan – 2023" атағының иегері Мадина Альмуханова қорғаған еді.
51 жастағы қазақстандық Universe Beauty сұлулық байқауына Ұлыбританияның атынан қатысады
"Купальник киіп тұр": Әлем аруы байқауына қатысқан қазақ қызының ұлттық киімі талқыға түсті
Еске салайық, бұған дейін “Мисс Қазақстан” ұйымдастырушылары байқауға трансгендерлердің қатысуы туралы ақпаратты жоққа шығарды. Олар қатысушылар елдің мәдени коды мен ұлттық құндылықтарына сай іріктелетінін мәлімдеді. Бұған дейін қор директоры Айжан Рузаева трансгендерлер де қатыса алады деген пікір білдірген еді, бұл қоғамда талқылау туғызған.
"Жастар практикасы" арқылы жұмыс таптым": Қазақстандық колледж түлегі кілем фабрикасында еңбек жолын қалай бастағанын айтып берді