"Мисс Қазақстан" байқауына трансгендерлер мен plus size бойжеткендер де қатыса алады
Фото: Getty Images
18 маусымда өткен баспасөз мәслихатында Miss Qazaqstan қоғамдық қорының директоры Айжан Рузаева "Мисс Қазақстан" байқауына трансгендер адамдар мен дене бітімі ерекшелеу арулар да қатыса алатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Байқаудың финалы биыл күзде Алматы метросында өтеді.
"Plus size арулар қатыса алмайды дегенді кім айтты? Біз мұндай қатысушыларды қуана қарсы аламыз. Біз бәрін күтеміз. Мейлі ол трансгендер болсын, мейлі plus size болсын – бұл еркін таңдау. Егер адам өзін солай сезінсе, қатыса алады. Біз бәріне ашықпыз. Егер plus size қыз келіп, әдемі, харизматикалық, жарқын болса, оны да қарастырамыз. 90-60-90 өлшемдері баяғыда-ақ ұмыт болған, – деді Айжан Рузаева.
Дәстүрлі түрде байқау финалына еліміздің 15 өңірінен келген арулар қатысады.
Финал 30 қараша күні түнгі 23:00-де Алматы метросындағы "Мұхтар Әуезов театры" станциясында өтеді. Мұндай кеш уақытты ұйымдастырушылар жолаушылар қозғалысына кедергі келтірмес үшін таңдаған. Байқау жабық форматта өтеді, билет сатылмайды. Финалды тек арнайы жіберілген аты-жөні жазылған шақыртулармен ғана көруге болады. Іс-шараны шамамен 90 адам тамашалай алады, олардың қатарында блогерлер мен журналистер бар. Қалған көрермендер байқауды ресми онлайн трансляциялар арқылы көре алады.
51 жастағы қазақстандық әйел Ұлыбританиядағы беделді сұлулық байқауының финалисі атанды
Еске салайық, бұған дейін 72-халықаралық "Әлем аруы" сұлулық байқауына Қазақстан атынан "Қазақстан аруы–2023" атағының иегері, балет бишісі әрі модель Сабина Ыдырысова қатысатынын жазған едік. Сабина әлемнің 110-нан астам аруымен бақ сынасып, Beauty with a Purpose бастамасы аясында өзінің әлеуметтік жобасын таныстырды.

Қазақстандық қыз күйеу жігіттен қалыңмалын алып, артынша полицейге тұрмысқа шығып кеткен
