Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мысығының өліміне байланысты еңбекке жарамсыздық парағын алғаны үшін жұмыстан шығарылған ер адам 23 миллион теңге өндіріп алды

Фото: Erhan Sinmaz / Shutterstock / Fotodom

Финляндиялық автослесарьды мысығының өліміне байланысты уақытша еңбекке жарамсыздық парағын рәсімдегеннен кейін жұмыстан шығарған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Italehti-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Жұмыс беруші үй жануарының қазасын ауыр қабылдаған ер адамның жағдайын елемеген. Медициналық анықтаманың болуына қарамастан, одан дереу жұмысқа оралу талап етілген. Қызметкер бұл талапқа бағынғанымен, кейін басшымен болған жанжалдан соң бәрібір жұмыстан босатылған.

Жұмыстан шығарылғаннан кейін слесарь жұмыс берушіні сотқа берген. Судья талапкердің пайдасына шешім шығарып, жұмыстан босатуға негіз болмағанын мәлімдеді.

Пирканмаа аудандық соты жауапкер компанияны шамамен 40 мың еуро (23 миллион теңгеге жуық) көлемінде өтемақы төлеуге міндеттеді. Бұл сомаға бес айлық жалақы, уақытша еңбекке жарамсыздық парағы үшін төлем және денсаулық жағдайына байланысты кемсітушілік үшін 10 мың еуро кіреді.

Алайда талапкер сот шешімін көре алмай өмірден өткен – өтемақы қаражаты оның мұрагерлеріне берілді. Турку апелляциялық соты істі қайта қараудан бас тартып, үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Айта кетейік, бұған дейін қызметкер дәретханаға жиі барғаны үшін жұмыстан қуылғаны хабарланған еді.

Балнұр Жұмаділла
Дүйсенбі, 26 Қаңтар, 2026 23:17