Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құрттаған 35 мың тонна қарбыз тексерістен өтпеген болуы мүмкін

Ауыл шаруышылығы министрлгінің аймақтық инспекция комитеті құрттаған қарбыздарға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

20170815174317

Желіде тараған видеода ақ халатты әйел «Алаш» базарында ОҚО-дан жеткізілген қарбыздарды кесіп, оның жеуге жарамсыздығын көрсетеді.

«Бұл – карантинге жатқызылған өнім. Оны өсімдіктер карантинімен айналысатын мемлекеттік инспекторлар бақылайды», – деді ауыл шаруашылығы министрлігі комитетінің аймақтық инспекция бойынша бөлімінің жетекшісі Ілияс Жүнісов.

Оның айтуынша, құрамын зерттемейінше, жемістің не көкөністің зарарлы не ауру таратушы екенін анықтау қиын.

«Мәселе олардың өткізіп жібергенінде емес, қазір инспекторларға үлкен салмақ түсіп жатыр. Қала бойынша объектілер көп. Визуалды зерттеу барысында өнімнің зарарлы не зарарсыз екенін анықтау мүмкін емес. Сол себепті қайта сараптама жүргізу қажет», – деп атап өтті Жүнісов.

«Әр облыста карантиндік тексерістер жүреді. Бұл өнім тексерістен өтпей қалған болуы мүмкін. Жалпы оны бақылау да қиын. Адам егістіктен қарбыздарды жиып алып, жөнімен кетті. Оны қалай бақылайсың? Бұл жерде мәселе, қарбызды қалай алып шықты? Бізге қарбыз ең соңында келеді. Жалпы сапасыз немесе зарарлы өнім алмас бұрын, сатып аларда оның сыртқы түріне мән беру қажет», – деп ескертті маман.

Бұдан өзге, Жүнісов қазіргі уақытта қарбыздарды тексеру жұмысының қатаң түрде жүріп жатқанын айтты.

«Нақты шешімге келмедік. Олардың құрамында зиянды нәрсе бар ма, жоқ па, әзірге белгісіз. Ал оның нәтижесі бірер күнде шығып қалу керек», – деп уәде берді Жүнісов.

Жіберіп алмаңыз:

Денесін күйік шалған қазақ қызына Кореяда пластикалық ота жасалатын болды

ЭКСПО көрмесінде африкалық базар хитке айналды

Қазақ тілінде қызмет көрсетуді талап еткен Air Astana жолаушысына айыппұл салынған (видео)

Қазақстандағы алғашқы ұшқыш әйел жаңа қызметке тағайындалды

Талқылау