Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Министрлік аз ұпай жинаған «Алтын белгі» иегерлері оқыған мектептерді тексереді

ҚР Білім және ғылым министрлігі ҰБТ-да аз ұпай жинап, «Алтын белгі» иеленген түлектер оқыған мектептерді тексеретін болды. Бұл туралы ОҚК брифингісінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бойынша департаментінің директоры Гүлзат Көбенова айтты.

photo_58918

«Алдағы аптадан бастап министрлік ҰБТ-да аз ұпай жинаған «Алтын белгі» иегерлері оқыған мектептерді тексеретін болады. Бітіруші түлектерге бұл тексерістің ешқандай зияны тимейді. Алайда бұрмалаушылық фактісі анықталатын болса, мектеп басшылығы қатаң жазаланатын болады», – деді Гүлзат Көбенова.

«Алтын белгі» иегерлері грантсыз қалмасын деп оларға қосымша оқу гранттары бөлінген еді.

Өз кезегінде жоғары оқу орындары Ассоциациясының президенті Рахман Алшанов қазір өтпелі кезеңнің өтіп жатқанын алға тартты.

«Дәл қазір өтпелі кезең болғандықтан, медалистер шет қалмауы үшін осындай қадамға барып отырмыз. Үкімет олардың сұранысын қанағаттандырып, қосымша гранттар бөлді», – деп атап өтті ол.

Келтірілген мәліметтерге сәйкес, 2017 жылы оқу гранттарын бөлу бойынша конкурсқа 4360 «Алтын белгі» иегері қатысты.

«Олардың 1487-сі жалпы тізімнен шет қалып қойды, анығында олардан ұпай саны жоғары болған түлектер басып озды. Дәл осы себепті 1487 түлек білім және ғылым министрлігі мен денсаулық сақтау министрлігінің есебінен оқитын болады», – деп мәлімдеді Гүлзат Көбенова.

Еске сала кетейік, 10 тамыз күні тегін оқуға жолдама алғандардың тізімі Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтында жария етілді. Алайда талапкерлер мен ата-аналар арасында оның нәтижесіне наразылық танытқандар көп болды. Әсіресе, жоғары балл иелері “бізден төмен алғандар оқуға түсті” деп шуласты. Олардың ең белсенділері білім министрлігіне басып кірмек болған еді. Бұдан кейін білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев грант иегерлері тізімінің қайта қаралатынын мәлімдеген еді. Ал бүгін 2017 жылғы грант иелерінің жаңа тізімі жарияланды.

Жіберіп алмаңыз:

Үш әйелімен бір шаңырақ астында тұратын қызылордалық бақытты екенін айтты (фото)

Қорқыныш пен ғажайып: Италиялық азамат Астанада көпір аркасымен жүрді (видео)

2 тәулікке 102 мың теңге: Нұрлан Әлімжан Астана әуежайының автотұрақ бағасын сынады (видео)

«Тастандылар» үйіндегі «Алтын белгі» иегері: Балаларымның бақытты болғанын тілеп отырамын (фото,видео)

Талқылау