Министрлердің ең төмен жалақысы — 500 мың, ал ең жоғары еңбекақысы — 1,7 миллион теңге
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев министрлер алатын ең жоғары және ең төмен жалақы көлемін атады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Informburo.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның сөзінше, министрлік басшыларының жалақы көлемі қанша жыл еңбек еткені мен білігіне байланысты.
“Ең төмен жалақы – 500-600 мың теңге, ал ең жоғарысы – 1,5-1,7 миллион теңге деп ойлаймын”, – дейді министр журналистерге.
БАҚ өкілдері премьер-министр Әлихан Смайылов айына қанша алатынын да сұрады.
“Мен сіз қанша алып жүрсіз деп сұрамаймын ғой. Егер Әлихан Смайылов рұқсат берсе, оның жалақысы қанша екенін жария етемін. Мен өз еңбекақымның мөлшерін, министрлердің ең жоғары және ең төмен жалақысын да айттым”, – деп жауап берді қаржы министрі.
"18 жыл бойы несиесін өзім төледім": Ақтөбеде 72 жастағы зейнеткер жалғыз ұлымен үйді бөлісе алмай жүр
Несие біткен кезде ұлы үйді әйелінің атына аударып алған
Түркістандық кәсіпкер жоғары лауазымды полиция қызметкерлерін өз компаниясына тиесілі жүк көлігін ұрлады деп айыптады
Жәбірленушінің сөзінше, екі жол полицейі жүкті айыппұл тұрағына өздері қойған