Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мыңдаған бұзақылар бүлік көрсеткеннен кейін өздерін бейбіт тұрғынмын деп ақтауда": Тоқаев ұсталғандар туралы айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы тәртіпсіздіктерге байланысты тергеу шараларына түсінік беріп, қарапайым халық құқығының сақталатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттіг.

“Мыңдаған бұзақылар тәртіпсіздік көрсетіп алып, кейін кенеттен жай қарапайым кезіккен тұрғынға айналды. Мен полиция қызметкерлерін ақтамаймын, егер заңсыз әрекеттері болса, бұндай жағдайларға арнайы шаралар қарастырылады. Сондықтан Алматы тұрғындарының құқықтарының тапталмайтынына сендіргім келеді”, –  деп айтты президент.

Ел президенті толқудың үш бағытта өткенін айтты. Деректер бойынша бірінші наразылыққа бейбіт демонстранттар шыққан, кейін оларды бұзақы жастар алмастырып, үшінші топ болып тонаушылар, аяусыз өлтірушілер мен зорлық көрсетушілер бой көтерген. Мемлекет басшысы бүлікшілерді жақсы дайындықтан өткен, жергілікті жерді жақсы білетін, содырлар тобы басқарғанын айта кетті. 



“Жалпы Алматыдағы оқиғаларға байланысты жұртшылық алаңдаулы, түсінуге болады. Әрбір іс бойынша тергеу жүргізу тапсырылды. Айман Умарованың жетекшілігімен қоғамдық комиссия құрылғанын білдім. Мен бұл шешімді құптаймын. Расында, біз тәуелсіз қоғамның қазіргі және сол қайғылы күндердегі жағдайын түсінуі үшін бірігуіміз керек", –  деді мемлекет басшысы. 

Президент адам құқықтары жөніндегі уәкіл Әзімова мен құқық қорғаушы Тұрмағамбетованың тергеу изоляторына келіп, қамауда ұстау жағдайын біліп ұсталғандардың шағымдарын тыңдайтынынан хабардар екенін айтты.

“Менің ойымша, бұл өте пайдалы жұмыс. Мемлекет басшысы ретінде мен  азаматтардың құқықтарының бұзылмауын қамтамасыз етуге мүдделімін. Және әрбір іс, қайталап айтамын, тергелуі тиіс", –  деді Тоқаев.

Талқылау