Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депутат: Қазақстандықтар азық-түлік шығыны жағынан Камерун, Ангола тұрғындарымен теңесті

Мәжіліс депутаты Ерлан Смайлов еңбек саласында жаңа ұлттық саясатты әзірлеуді ұсынып, Қазақстанның еңбекке ақы төлеу үлесінің төмендігі жайында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мәжілісмен Euromonitor International деректер базасынан үй шаруашылықтарының шығыстары туралы жылдық деректер негізінде есептеулер жүргізілгенін жеткізді. Нәтижесінде алкогольсіз сусындарды қоса алғанда, тамақ өнімдеріне жұмсалған тұтыну шығындарының пайыздық үлес бойынша Қазақстан Камерун мен Ангола арасындағы ең төмен орындардың бірін алады. Бұл көрсеткіш 48,7% немесе 2217 долларды құрайды.

Депутаттың пікірінше еліміздегі еңбек саласына қайта жаңғыртулар енгізіп, ұлттық саясат әзірленуі тиіс. Еңбекшілер мен жұмыс берушілердің құқығы теңдей қаралуы керек. Смайловтың айтуынша тек тең құқық болған кезде ғана кедейшілік пен таптықтан құтыламыз. Жалақы тек негізігі қажеттіліктерді ғана жаппай, халықтың еткен еңбегіне сай лайықты, жақсы өмір сүруіне жетуі керек.

“Көптеген жылдар бойы төмен жалақы, мүгедектігі бар адамдар үшін төменгі зейнетақы жасы, кеншілер мен металургтар және қауіпті еңбек жағдайларындағылар үшін қауіпсіздік техникасына инвестициялардың төмендігі, кәсіподақтер мен өндірістік медицинаның төмендігі инстутционалдық мәселелердің себебі болып келді”,- деді мәжілісмен.

Депутат берген статистикалық деректерге сәйкес 2021 жылдың үшінші тоқсаны бойынша Қазақстанның ЖІӨ-дегі еңбекақы үлесі 31%-ды құрады. Соңғы бес жылда бұл көрсеткіш 30-31% деңгейінде тұрақты сақталып отыр. 1990 жылы ол 46,3% болған. 

Жалпы алғанда, Қазақстанның ЖІӨ-дегі еңбекке ақы төлеу үлесі шикізаттық бағыттағы елдерге қарағанда айтарлықтай төмен (салыстыру үшін 2020 жылы ЖІӨ-дегі еңбекке ақы төлеу үлесі: Ресейде – 46,2%; Канадада – 52,5%; Австралияда – 48,5%; Норвегияда – 51,1 %; Чехияда-46%; АҚШ-та-55,4% құраған.
Мәселені шешу үшін депутат шаралар ұсынды. 

Талқылау