Мың қыздың арманы болған Тәуекел Мүслім үйленді (фото, видео)
Танымал актер Тәуекел Мүслім шаңырақ көтерді. Қуанышты жаңалықты алғашқылардың бірі болып жан досы Бауыржан Сатов желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Күні кеше әлеуметтік желіде тараған суреттер жұртты шулатты. Себебі, бұл суреттер актер әрі әнші Тәуекел Мүслімнің шын мәнінде шаңырақ көтергенін білдіргендей болды. Бұл қуанышты өзі де бөлісіп, жақындары мен желі қолданушылары жарыса құттықтап жатыр.
«Тәуекел Мүслім, бақытты бол. Апаммен бірге тойға барып қайттық», - деп жазды Бауыржан Сатов.
Қалыңдық Махаббат Түктібаева да желідегі парақшасында сырға салу сәтінің суреттерін бөлісті.
Әлеуметтік желі қолданушылары өз кезегінде жүрекжарды тілектерін жеткізді.
«Бақытты бол! Жан-жарың адал болсын. Анаңды сыйласын», «Қосағыңмен қоса ағар. Бақытты болыңдар!», «Талай қыздың арманы болған Тәуекел, бақытты бол», «Мың қыздың арманы, бір қыздың бағысың ғой» деп жазды желідегілер.
Тағы оқыңыз
- Күйеуінің асты-үстіне түскен Альбина Шардарова жұртты сүйсіндірді (видео)
- "Оқыған, тоқыған": Тәуекел Мүслім су жаңа сүйіктісі туралы айтты
Kcell компаниясы қызметкерлеріне арналған жаңа жылдық корпоративке 160 миллионға жуық қаражат жұмсаған
1100 адамға кешкі ас қарастырылған: қымбат салаттар, әртүрлі ассорти, стейктер, жемістер мен десерттер қойылған
Қазақстан шоу-бизнесіндегі ең даулы сәттер: 2025 жыл қандай жайттармен есте қалды?
2025 жылы желіде талқыланған даулар