Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Миллиондаған көрермен, Иманбек, 1,25 миллион доллар жүлде: PGL Astana 2025 турнирі қалай өтті

Фото: "Қазақтелеком" АҚ

18 мамыр күні Астанада Counter-Strike 2 бойынша ең ірі халықаралық турнир – PGL Astana 2025 аяқталды. Бұл соңғы алты жылда ТМД мен Орталық Азия аумағында офлайн форматта өткен алғашқы ауқымды турнир болды.

Жарыс 10 мамыр күні басталып, әлемнің ең мықты сегіз командасының арасында өтті. Жалпы жүлде қоры 1 250 000 АҚШ долларын құрады. Турнирде Team Spirit командасы жеңіске жетті. Финалда олар Данияның Astralis командасын жеңіп шықты. Турнирдің ең үздік ойыншысы (MVP) атағын 17 жастағы donk иеленіп, өзінің киберспорт әлеміндегі супержұлдыз мәртебесін тағы бір рет дәлелдеді.

FURIA командасының сапында өнер көрсеткен қазақстандық Данил "molodoy" Голубенко командасымен бірге төртінші орынды иеленді. Қола жүлде үшін өткен кездесуде олар түркиялық Aurora Gaming командасына есе жіберді.

Турнирдің техникалық серіктесі ретінде еліміздің ең ірі телеком-операторы – "Қазақтелеком" компаниясы "Транстелеком" және "Актив 5G" компанияларымен бірге демеушілік жасады. Бұл компаниялар сайысты халықаралық турнир стандарттарына сай келетін жоғары жылдамдықты телеком-инфрақұрылыммен қамтамасыз етті.

Ойыншылар мен ұйымдастырушылар үшін арнайы оптикалық желілер тартылды, турнир алаңына 5G байланыс желісі орнатылып, қосымша байланыс арналары қарастырылды. Бұлтты шешімдер мен CDN технологияларын қолдану HD және 4K сапасындағы трансляцияларды өте аз кідіріспен жүргізуге мүмкіндік берді.

Халықаралық ұйымдастырушылар турнирдің дайындық деңгейіне жоғары баға берді. 

"Астанадағы ұйымдастыру деңгейі бізді таңғалдырды. Алаңнан бастап техникалық инфрақұрылымға дейін – барлығы әлемдік стандарттарға сай. Бұл – мұндай ауқымды іс-шараларды өткізуге әбден лайық орын", – деп атап өтті PGL компаниясы. 

Көрермендер үшін арнайы ұйымдастырылған "Қазақтелекомның" интерактивті аймағында CS2 ойыны бойынша 1-1 форматында мини-турнир өтті. Сонымен қатар Game of Drones байқауы ұйымдастырылып, онда Астанадан басқарылатын, Алматы қаласындағы арнайы жолда орналасқан көліктермен қашықтан жарыс өткізілді.

Мәдени бағдарламаның ерекше бөлігі ретінде "Грэмми" сыйлығының иегері, Қазақстанның ең танымал әртістерінің бірі – Иманбек өнер көрсетті. Оның сахнаға шығуы ойын күндерінің бірінің жарқын сәтіне айналып, көрермендер тарапынан үлкен қошеметке ие болды.

PGL Astana 2025 тек киберспорт әлеміндегі маңызды оқиға ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның дамыған цифрлық инфрақұрылымы, ойластырылған ұйымдастыру және белсенді көрермендерімен әлемдік деңгейдегі іс-шараларды өткізуге қабілетті екенін дәлелдеді.

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 19 Мамыр, 2025 18:49
Талқылау