Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Миллиардтаған пара алған: Қытайда ірі банктің бұрынғы басшысы өлім жазасына кесілді

Қытайдың ірі банкі Bank of China-ның бұрынғы басшысы Лю Ляньге сыбайлас жемқорлық пен заңсыз несие бергені үшін өлім жазасына кесілді.

Фото: Karar.com

Лю Ляньге шамамен 121 миллион юань (8,3 миллиард теңге) пара алды деген айып тағылды.Алайда үкімді орындау екі жылға шартты түрде тоқтатылды.

Банктің директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы барлық саяси құқықтарынан айырылып, мүлкі, соның ішінде заңсыз жолмен алынған активтері тәркіленді.



Екі жыл ішінде Лю басқа қылмыстарды жасамаса, өлім жазасы өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылады.

63 жастағы Лю Қытай банкінің төрағасы болып 2019 жылы тағайындалды. Бұған дейін ол Қытай Халық банкі мен Қытайдың экспорт-импорт банкін қоса алғанда, банк және қаржы институттарында жұмыс істеген.

Лю Ляньге 2023 жылдың қазан айында қамауға алынды. Елдің қаржы секторындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ауқымды тексерулер жүргізілді. CCDI мәліметтері бойынша, тексеріс барысында 30-дан астам ірі мемлекеттік компания күдікке ілікті.

Талқылау