Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Миллиардер Билл Гейтс бар байлығын Африка елдеріне аудармақ

Фото: reuters.com

Кәсіпкер Билл Гейтс бар байлығының Африка елдеріне беруді жоспарлап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұл туралы Microsoft компаниясының негізін қалаушы Эфиопияның Адис-Абеба қаласында сөйлеген сөзінде мәлімдеді. Америкалық кәсіпкер Африка елдеріндегі денсаулық сақтау саласына шамамен 200 миллиард доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр.

"Жуырда мен өз байлығымды 20 жылдың ішінде толықтай тарату жөнінде шешім қабылдадым. Қаражаттың басым бөлігі осы жерде, Африкада, түрлі мәселелерді шешуге көмектесуге бағытталады", – деді Билл Гейтс. 

Өз сөзінде Гейтс жас IT мамандарын жергілікті денсаулық сақтау жүйесін жақсарту үшін жасанды интеллектке негізделген жаңа технологияларды жасауға шақырды. Сондай-ақ ол көмектің ең үлкен нәтижесі жүкті әйелдер мен жас балаларға бағытталған кезде байқалатынын атап өтті.

Билл Гейтс – әлемдегі ең ауқатты адамдардың бірі, қазір ол байлығы жөнінен әлемде 13-орында тұр. Оның жеке капиталы 116 миллиард долларға жеткен. Көпшіліктің пікірінше, егер кәсіпкер қайырымдылықпен айналыспағанда, бұл сома әлдеқайда көп болар еді.

Еске салсақ, бұған дейін мультимиллиардер Билл Гейтс байлығын балаларына мұра етіп қалдырмайтынын мәлімдеген еді. 

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 03 Маусым, 2025 19:29
Талқылау