Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Миына қан құйылған": Түркістан облысында үш ер адам жігітті ұрып өлтірді

Түркістан облысының Ақсукент ауылында үш ер адам мас күйінде жігітті соққыға жығып, өлтірген. Жәбірленуші миына қан құйылып қайтыс болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: atas.info

Қайғылы оқиға болмас бұрын, қаскөйлер марқұмның көлігін қолынан алып, Шымкентке айдап кеткен.

Қылмысқа қатысушылардың бірі ұрып-соққан жас жігітті видеоға түсіріп, анасы мен досына жіберген. Дегенмен олар еш шара қолданбаған.



Марқұмның туыстарының айтуынша, полицейлер күдіктілердің біреуін ғана ұстаған.

Түркістан облыстық полиция департаменті аталған іске қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. 

“Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр. Оның аясында оқиғаға қатысушы әрбір адамның әрекетіне құқықтық баға беріледі. Қалғандарының үстінен қылмысты жасырғаны үшін қылмыстық іс қозғалды”, – делінген хабарламада. 

Барлық мән-жай анықталып жатыр. Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жарияланбайды.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы прокуратурасы 29 наурыз күні "Меркур Тауэрс" тұрғын үй кешенінің күзетшісін өлімші етіп сабап, көлікпен бірнеше рет басып кеткен экс-депутаттың баласына қатысты тергеу туралы айтқан еді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімі заңда белгіленген тәртіппен куәландырылған күдіктінің, айыпталушының психикасының уақытша бұзылуы немесе өзге де ауыр сырқаты болған жағдайда тоқтатылған.  

Талқылау