"Миым мүлде ақпарат қабылдамады": Елдос “Колобок” келіншегінің жүктілігі жайлы білген сәтті есіне алды
Фото: Видеодан скриншот
Жақында әке атанған танымал блогер Елдос “Колобок” журналист Аман Тасығанның “Talk like” подкастына берген сұхбатында келіншегінің жүктілігін білгенде қандай сезімде болғанын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Блогер алғашында жарының сөзіне мүлде сенбегенін айтады. Ал сүйінші жаңалықты қабылдаған соң, біраз уақыт бойы ерекше күйде жүрген.
“Көптен күткен екі сызықты көрген сәтіміз кино болды. Мен мүлде күткен жоқпын, бір күні келіншегім бірге видео түсірейік деп, штатив пен камераны қойды. Тренд түсіреміз, “Таңшолпан, мен сені жақсы көремін” деп айтыңыз деді, мен жарайды деп айттым. Мен сонда да оны әзілдеп тұр деп тұрмын. Екі қолын жұдырықтап шығарды да, біреуін таңдаңыз деді. Көп ойланбай, таңдай салып едім, емізік шығарып тұр. Шынымды айтсам, алғашында миым мүлде ақпарат қабылдамады. “Емізікті не үшін шығарып тұр?” деп ойлап қоямын, бір уақытта ғана келіншегімнің сүйінші сұрап тұрғанын түсіндім. Ары қарай бір сценарий. “Осы күнге де жеттік” деп құшақтаған кезінде шок болдым, бөлек сезім болды. Ол күйден шыға алмай біраз уақыт жүрдік”
Оның сөзінше, тұңғышы дүниеге келгеннен кейінгі уақыт ертегідегідей өткен.
“Жүктіліктің алғашқы айларында тек аналарымызға және бауырыма айттық. Кейінірек жан-жаққа айта бастадық, олардың жылағанын көрсеңіз. Достарымның жылағаннан бөлек, тойлағанын көрсеңіз. Сәби дүниеге келгеннен кейін бұдан қатты тойлаймыз деді. Осы кейінгі аптамыз ертегідегідей өтті”, – деді ол.
Сондай-ақ блогер балалы болу жоспарында бар-жоғын да бөлісті. Ол мұндай маңызды шешім жұбайымен бірге оның денсаулығына қарай шешілетінін алға тартты.
“Тағы да балалы болуға мүмкіндік бар, шүкір. Негізі жоспарда бар. Отырып алып, ауызбен айта беру оңай ғой. Өз көзіммен көргенім бойынша айтатын болсам, баланы 9 ай бойы көтеру де оңай емес. Бала дүниеге келгеннен кейінгі әйелдің қалпына келуі де оңай емес. Мені қатын жанды көрмеңіздер, бірақ ер азамат ретінде әйелге де қарайласу керек. Біз балаға қанша уақыт дайындалдық қой, кішкене ұйықтап ал, іш, же деп айтумен болдым. Аллаға шүкір, қазір келіншегім жақсарып қалды. Әйтпесе босанғанға дейінгі депрессия, босанғаннан кейінгі депрессия деген сияқты әңгімелер бітпейді екен. Осының бәріне түсіністікпен қараған дұрыс. Толғақ кезінде де келіншегім қиналған кезінде де сабырлықпен, еркелетіп отырдым”, – деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін блогер Елдос Колобок алғаш рет әке атанғаны хабарланған болатын. Кейінірек ол ұлымен алғаш кездескен сәтін жариялап, жұртты жылатты.
Еске салайық, Елдос Калабок пен жұбайы Таңшолпан көптен күткен қуанышын бөлісіп, сүйінші сұраған белгілі блогерлер gender party жасағаны хабарланған болатын. Танымал жұпты қазақстандықтар жарыса құттықтады.
"30 минутқа созылады, тез келемін деген еді": Астанада көзіне лазерлі ота жасатуға барған жалғызбасты ана қаза тапты