Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Михаил Шайдоров жоқ: Әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын спортшылар анықталды

Михаил ШайдоровФото:Михаил Шайдоров/ҰОК

Мәнерлеп сырғанаудан Прагада өтетін Әлем чемпионатына Михаил Шайдоров қатыспайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Халықаралық конькишілер одағы әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар тізімін жариялады.
Әлем біріншілігігде ел намысын қорғайтын мәнерлеп сырғанаушылар Диас Жиренбаев пен Софья Самоделкина. Алайда бұл тізімде Михаил Шайдоровтың аты жоқ.

Кейбір дереккөздердің мәліметінше Михаил Шайдоров Олимпиададан кейін тынығып, толық қалпына келуді жөн көрген. Бірақ әлі нақты себебі белгісіз.


Михаил Шайдоров Илья Малининмен бірге ISU сыйлығына ұсынылды


Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа тағы бір көлік сыйға берілді


Айта кетейік, Михаил Шайдоров Италия төрінде өткен Олимпиада топ жарып, алтыннан алқа таққан. Осылайша ол Қазақстан қоржынына 32 жылдан кейін тарихи жүлде салды.

Ақерке Өмірхан
Сәрсенбі, 18 Наурыз, 2026 14:25