Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Михаил Шайдоров тарихи жеңісінен кейін әлемдік рейтингте үздіктер қатарына енді

Михаил ШайдоровФото:ҰОК

Италияда өтіп жатқан Олимпиада ойындарында топ жарған Михаил Шайдоров әлемдік рейтингте жоғарылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Отандасымыз ISU халықаралық рейтингінде үздік үштікті түйіндеп тұр. Михаил Шайдоровтың қоржынында 4961 ұпай бар.

Бұған дейін ол төртінші орында болған еді. Рейтингтің көшін АҚШ өкілі Илия Малинин 5410 ұпаймен бастап тұр. Ал екінші орынға Олимпиада ойындарының төрт дүркін күміс жүлдегері Юма Кагияма жайғасқан.

Айта кетейік, Михаил Шайдоров Италияда жалауын көтерген додада мәнерлеп сырғанаудан сәтті өнер көрсетіп, Олимпиада чемпионы атанды.


Бапкер Алексей Урманов Шайдоровқа көрсетілген мемлекеттік қолдау жөніндегі хейтке жауап берді


Денис Тен салған сара жол Олимпиаданың алтынына ұласты


Бұл Қазақстан қоржынына 32 жылдан кейін түскен тарихи алтын жүлде.

Бұған дейін Алексей Урманов 1994 жылғы Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алған еді.

Ақерке Өмірхан
Сейсенбі, 17 Ақпан, 2026 10:44