Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Microsoft Windows 10 жүйесіне жаңа функция қосады

Microsoft Windows 10 жүйесін жақсарту үшін жаңа функциялар қосуды жоспарлап отыр. Windows 10 Copilot бағдарламасының опциясына ие болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Habr.com сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Habr.com

Корпорация мәліметінше, Windows 10 жүйесіне жаңа қызметтерді қосу үшін Windows Insider қатысушыларының көмегі қажет. Сол себепті Microsoft Windows 10-ды қолданатын инсайдерлер үшін бета арнасын ашты.

Microsoft Windows 10 жүйесіне қандай функциялар қосатынын әзірге жария етпеді. Дегенмен инсайдерлер опцияларға ертерек қол жеткізу үшін бета арнаға қосыла алады. Қолданушылар Canary Channel, Dev Channel, Beta Channel және Release Preview-дің бірін таңдап, жаңа мүмкіндіктерді сынап көре алады.

Windows Latest порталы Microsoft корпорациясының Windows 10-ға мобайл құрылғыларға арналған бетті қосқанын байқады. 

Корпорация Windows 10 жүйесін 2025 жылғы 14 қазанға дейін қолдайды. Олар жүйенің бета нұсқасының ашылғаны қолдау мерзіміне еш әсер етпейтінін айтты. 

Талқылау