Мейрамбек Бесбаевтың анасын құттықтауы қазақстандықтардың жүрегін елжіретті (видео)
Кеше ғана қырыққа толған туған күнін тойлаған Мейрамбек Бесбаев желіде анасын туған күнімен құттықтады. Әнші анасына деген махаббатын өлең жолдарымен жеткізді.
«Мама туған күніңізбен құттықтаймыз! Зор денсаулық мол бақыт тілейміз!!! Анам – бақытым», – деп жазады әнші Инстаграм желісіндегі парақшасында m_besbaev.
Анашым, неткен ғажап төзімді едің,
Мені ойлап ұзақ таңға көз ілмедің,
Пейілің жанып тұрған күннен де ыстық,
Жоқ шығар ешкімде ондай сезім дедім.
Аман бол, бақытты анам,
Әр сөзің жақұт маған.
Сәби боп қалар ем ғой,
Бағынса уақыт маған.
Аман бол, қадірлі анам,
Әр сөзің лағыл маған.
Сендей жан жер бетінен,
Іздесем табылмаған,
Асыл анам!
Анашым, көркем едің, келбетті едің,
Бөленіп әлдиіңе ержеткенім.
Баяғы сенің айтқан бесік жырың,
Тұр әлі көңілімді тербеп менің.
Мейірім шуақ төгіп кең жүрегің,
Бала боп еркелесем елжіредің.
Сіз барда қайғы көрмей бұл жалғанда,
Еңсемді биік ұстап мен жүремін.
Желі қолданушылары да әншінің анасын құттықтап, ыстық ықыластарын тілеп жатыр.
«Анаңыздың туылған күні құтты болсын! Бар жақсыны тілеймін! Сіздей перзентті елге сыйлаған, анаңызға үлкен рақмет!», «Құтты болсын анаңа денсаулық тілеймін, сендей ұлы бар анаңыз бақытты», «Анаңыздың денсаулыгы мықты, жасы ұзак болсын!!!», – деген сыңайдағы қолданушылар атынан ізгі тілектер жазылып жатыр.
Бұған дейін әнші қырыққы толған туған күніні дүркіретіп атап өтіп, Мейрамбектің өз туған күнінде билеген биі ғаламторды шулатқан еді.
Жіберіп алмаңыз:
Мейрамбек пен Тоқтардың даусын айнытпай салған жігіт желіні шулатты (видео)
Ақын Қалқаман Сарин Мейрамбек Беспаевқа арнап өлең шығарды
Белгілі кәсіпкер Лилия Рах 7 жылға сотталды
Намазға бас қойған америкалық профессор не себепті егіліп жылағанын айтты