Мейрамбек Бесбаев “немерелі” болды
Бір жыл бұрын Мейрамбек Бесбаевтың “қайын-ата” атанып, жұртты шулатқаны естеріңізде болар?! Әнші өзінің қолында өскен інісі, Мейірбек Бесбаевты үйлендіріп, келінді өз шаңырағына түсірген болатын. Өз әке-шешесі рұқсат бергендіктен, сол кезде Мейрамбектің мезгілінен бұрын “қайын-ата”, ал оның жары Мархаббаттың “қайын-ене” атанған жайы бар.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Енді сол “қайын-ата” мен “қайын-ене” немерелі болып жатыр. Бұл туралы Мейірбек Бесбаев хабарлады.
“Аллаға шүкiр ұлды болдым. Мамасына рахмет”, – деп жазды Мейірбек желідегі парақшасында.
Еске сала кетейік, Мейірбек Бесбаев – Мейрамбек Бесбаевтың өмірден озған ағасының ұлы. Әнші оны өз перзентіндей баққан. Мейірбек былтыр Рабиға есімді Шиелінің қызымен шаңырақ көтерген болатын.
Жіберіп алмаңыз:
Гүлзира Айдарбекова жаңа келіні жайында бар шындықты ашып айтты
Сиви Махмұди Анталиядағы үйін көрсетіп мақтанды (фото)
Қайрат Нұртастың отбасы Шиеліде құдалық өткізіп келді (видео)
Баянға ұқсайтын қыз: Өткен жылы менде пышаққа түсіп ауруханада жаттым
Талқылау