Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мейрамбек Бесбаев Ғаділбек сұраған әнді не себепті бермей қойғанын түсіндірді

Қазақ халқының сүйікті әншісі Мейрамбек Бесбаевтың сахнада жүргеніне биыл 30 жыл! Ән әлемінің патшасы атанған Бесбаев бірнеше күннен кейін елдің алдында есеп беріп, Алматыда ән кешін өткізбекші. Қазіргі уақытта әнші бар уақытын дайындыққа арнауда. Күні кеше Мейрамбек Бесбаев “Қазақстан” арнасының “Таңшолпан” бағдарламасына қатысып, концертке дайындық барысын сөз етті, деп хабарлайды Stan.kz.

«Сахнада жүргеніме 30 жыл болды. Мені “эстрада королі” деп атап жүргендер асыра сілтеп жіберген шығар. Эстрада өнеріне менен де зор еңбек сіңірген асыл азаматтар көп. Әуелі Аллаға шүкір етемін. Екіншіден, ұстазым Алтынбек Қоразбаевқа алғысым шексіз. Осы кісінің арқасында үлкен сахнаға келдім. Ең бірінші жетістігім – «Бозторғай» әні. Үш қазақ болса, соның біреуіне танытқан ағама ризамын. Сол тағдырыма ризамын. Әйтпесе не көп, талантты балалар көп. Солардың біріне бұйырмай, Алтынбек Қоразбаевтың шәкірті болу бақыты маған бұйырғанына қуаныштымын. Одан кейін де өнерімді алып кетуге, дамытуға көмегі тиген ұстаздарға ризамын”, – деп бастады сөзін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Сұхбат барысында Мейрамбек концертінің жанды дауыста өтетінін және мұның жаңалыққа жатпайтынын атап өтті.

“Құдай сақтасын, жанды дауыста ән айту еш қиын емес. «МузАрт» тобының концерттері қашан да жанды дауысты өтеді. Оны келіп, тыңдап жүрген халық біледі. Ол біз үшін жаңалық емес, шошитын нәрсе емес. Бұл – біз үшін ләззат алатын іс. Міндетті түрде осылай болуы керек деп ойлаймын. Өйткені, ол көрерменге деген құрмет, тазалық», – дейді әнші.

Биыл Мейрамбек Бесбаев үшін дуэт жылы болды десек, артық айтқандық болмас. Ол өнердегі бірқатар әріптестерімен бірге ән шырқан, елге ұсынды. Солардың бірі – Медеу Арынбаевпен бірге орындаған “Сағындым” атты толғау әні. Аталған ән ел арасында тарап кеткенімен, сахна төрінде бірде-бір рет орындалмаған. Дәл осы себепті Мейрамбек осы әнді сұраған Ғаділбек Жаңайдың бетін қайтарған.

“Медеу ағамен ешқандай сахнада орындалмаған ән. Тек қана радиода болмаса таспамен шыққан. Сондықтан сахнада біз орындамай жатып бере алмаймын. Алдында Ғаділбек менен сұраған бір орындауға деп. Ол кезде бағдарлама үшін рұқсат бердік.

Медеу ағамен бірталай жылдан бері дуэт жазуды ойлап жүргенбіз. Соның шығатын сәті бүгінге келіп тірелген сияқты. Сондықтан осы Құдай қаласа 8 қарашада сахнада алғаш рет тұсауын кеспекшіміз. Енді ол жай қалжыңмен айтылған дүние ғой. Жақсы әндер айтылу керек, елдің жүрегінде қалу керек, әншілердің аузында болу керек. Ғасырдан ғасырға келешек ұрпаққа кете беру керек деп ойлаймын”, – деп түсіндірді Мейрамбек Бесбаев.

Жіберіп алмаңыз:

Ішімдік, казино, қыздар: “Алау” тобының жаңа бейнебаяны сынға ұшырады (видео)

Өмірқұл Айниязов алғаш рет 15 жасында танысқан әйелі туралы айтты (видео)

Лирикалық әндерімен танылған Ғаділбек енді ырғақты ән жазып, би алаңдарын бағындырмақ

Сәкен Майғазиев әртістерді кінәлап, күйе жаққандармен күреспек

Талқылау