Мейрамбек Бесбаев Алматы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды
Мейрамбек Бесбаев қала әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев желідегі парақшасында жазба қалдырып, өнер иесін жаңа қызметімен құттықтаған. Енді танымал әнші Алматы қаласының мәдени тұрғыда дамуына үлес қосатын болады. Алайда, Сағынтаев әншінің қызметін штаттан тыс деп бекіткен.
"Бүгін Мейрамбек Бесбаевты мәдениет саласы бойынша штаттан тыс кеңесші етіп тағайындадым", - дейді Бақытжан Сағынтаев.
Мұны көрген желідегілер таңқалыстарын жасыра алмай, пікірлерін жаудырды. Олар бұл жаңалыққа қуанышты екенін жеткізген.
"Құтты болсын", "Қуаныштымын", "Өте дұрыс тағайындалды", "Қай лауазымға болсаң да лайықсың", "Дұрыс таңдау, сәтті болсын", "Мейрамбек сеніміңізді ақтайды", "Арамызға жақсы адамдар келіп жатыр", - деп пікір білдірді жұрт.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді