Месси желіде өз клубына неге жазылмаған: Жанкүйерлер бұған Роналдудың қатысы бар екенін айтты
Жақында америкалық "Интер Майамиге" ауысқан Аргентина футбол құрамасының шабуылшысы Лионель Месси өте оғаш әрекет жасады. Жанкүйерлер Криштиану Роналдудың қатысы болуы мүмкін екенін боолжауда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Мұны спортшының жанкүйерлері 2022 жылдың наурыз айындағы жазбаға назар салған кезде байқаған. Мұнда Манчестер Юнайтед пен Криштиану Роналдуға қонаққа атақты американдық футболшы, ең атақты ойыншылардың бірі Том Брэди келген.

Осы жазбаның астына "Интер Майами" аккаунтының атынан екі GOAT қалдырған. Бұл барлық уақытта да ең ұлы дегенді білдіреді.
Көп ұзамай Месси Instagram желісінде өзінің жаңа клубына жазылмағаны белгілі болды.
Еске салайық, Месси осы жазда "Интер Майамиге" тегін трансфермен ауысты. Аргентиналық 2021 жылдан бері ойнап жүрген ПСЖ-дан кетті.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді

