Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мерзімінен бұрын босанып қалған: Бауыржан Сатов қызының дүниеге келуі туралы айтып берді

Альбина Шардарова мерзімінен бұрын босанып қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасап.

Жұлдызды жұптың тұңғышы уақытынан ерте дүниеге келген. Бұл жайында алғаш рет әке атанған Бауыржан Сатов айтып берді. Ойламаған жерден толғағы басталып кеткен әйелінің жанында әпкесі болған екен.

"Негізі менің анам жанында болуы керек болатын. Бірақ, ол кісі жұмыс бабымен басқа қалаға кеткен. Үйде ешкім жоқ. Мен жұмыстармен жүрмін. Не істейміз деп ойладық. Алла өзі сәтін салып, менің әпкем, анамның туған сіңлісі Шымкенттен бері қарай шығыпты", - дейді Бауыржан Сатов. 

Аяқ аястынан енесінің орнына Альбина Шардароваға қайын әпкесі көмектескен. Тіпті Бауыржан Сатов пен Альбина Шардарова қажетті заттарды да дайындап үлгермеген сыңайлы. Осылайша кішкентай періште ата-анасымен ерте қауышып, отбасын шаттыққа бөлеген.

"Түнде әпкем хабарласып, "Бауыржан, мен үйге келіп қалдым, қайдасыңдар?" дейді. Мен үйде емеспіз, бізде басталды, сіз кіресіз дедім. Сөйтіп әпкемді жолдан алып кетіп, Альбинаға сол кісі қолдау білдірді. Көп заттарын дайындап үлгермегенбіз. Түні бойы дүкен аралап, керегін алып келіп, көлікте көзім ілініп кетіпті. 15 минуттан соң әпкем хабарласып, қызымның дауысын естіртті. Ол кездегі сезімімді ауызбен жеткізе алмаймын", - дейді Бауыржан Сатов.

Талқылау