Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Меруерт Түсіпбаева Димашты сынағандар туралы: Қазір кім көрінген әділқазы мен сыншы болатын болды

Димаш Құдайбергеннің өткен тағы дауға айналды. Әнші әлемге танылмай тұған тұста бірнеше сыншыдан сын естіп, бағы жанбағаны белгілі. Ресейлік әншілер Димашты сынаған әділқазылардың өзіне сынайтқан еді. Бұған Меруерт Түсіпбаева да үн қосты.       

"Димаш парақшасына пост жазыпты, жақында көрсеткен бағдарламада, өз елі туралы, халқы туралы мақтанышпен айтқанын “Россия“ телеарнасы монтаж кезінде кесіп тастапты деп. Димаш ана тіліне, туған еліне деген сүйіспеншілігі туралы жазбаса да болады. Ол әлемге қазақша ән салдыртқан Тұлға!!! Ісімен дәлелдеген, әлдеқайда!!! Өкініштісі....Біздің елде продюсер танысы болса болғаны-кім көрінген жюри, кім көрінген эстрада сыншысы!! Ауызым бар деп , әйтеуір айта салып.... Шаршаттыңдар, демалыңдаршы. Фу. Сондай болып алыңдар, босқа көкімей. Атың шықпаса, жер өрте деген осы", -деп жазды Түсіпбаева.

Димаш жақында ресейлік бағдарламалардың бірінде қонақта болды. Онда Димаштың әнші болып танылмай тұрғандағы видеосы көрсетілді. Димаш кезінде"Саз әлемі" бағдарламасында өнер көрсетіп, сыншылардан сын естіп қалған еді. Олардың сыны ресейлік өнер адамдарының арасында дау болды. 

Видеода Бағым Мақсатқызы мен Ринат Зайытов Димаштың әнді дұрыс таңдамағанын, дұрыс шырқай алмағанын айтқан еді. Бұл сөзі ресейлік әншілердің шамына тиді. 

"Адам сынау үшін, оған лайық болу керек емес пе? Бұлар өзі кімдер деп таңғалды", - олар.

Ал Димаш желіде жазба жариялады. 

"Мен бұны баяғыда ұмытқанмын. Қазір бір-біріміздің артымызды ашатын кез емес. Қазір бір-бірімізді қолдауымыз керек. Ешкіммен ренжіскім келмейді. Ешқандай артық сөз жазбай-ақ қояйық", - деп жазды Димаш. 

Көпшілік оның қарапайымдылығын мақтап, қолдау білдіріп жатыр. 

"Жарайсың Димаш! Сен артық ештеңе айтпапсың. Керісінше, таспен ұрғандар аспен ұрылып, нағыз бейшара екендіктері тағы көрінді", "Димаштың дәржесіне қай жағынан болса да жетіп алсын,жете алса,жете алмайтын болған соң үре береді! Қазақтың жақсысын асырып,жаманын жасырып,тілін де,өнерін де дүние жүзіне танытып жүрген Димашқа алғыстан басқа айтарымыз жоқ! Аллам жар болсын қазақтың маңдайына біткен алтын балаға!!!", "Жарайсың Меруерт. Өте дұрыс айттың. Димаш сияқты болып алсын сынағыштың бәрі. Ең қиыны Димаштың тырнағына татымайтындар көкиді-ау", - деп жазды олар.

Талқылау